0:00 / 0:00
Ағымдағы жылдың 10 айында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 30%-ға артып, 19,5 млрд долларды құрады. Бұл екі ел арасындағы сауда қатынасында болмаған көрсеткіш деді премьер-министр Асқар Мамин. Қазақ үкіметінің басшысы Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесіп, сауда-экономика, қаржы-инвестиция, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ химиясы, энергетика, ғарыш салаларындағы ынтымақтастығын одан әрі арттырудың перспективаларын, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация шеңберіндегі жобаларды талқылады. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асқар Мамин ресейлік компаниялар мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен де келіссөздер жүргізді.
Мәскеудегі келіссөздер барысында экспортты ілгерілету, Жайық және Ертіс трансшекаралық өзендері бассейндерінің экожүйелерін сақтау, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік маршрутында мотор отыны ретінде табиғи газды пайдалану инфрақұрылымын дамыту туралы келісімдерге қол қойылды. Сондай-ақ, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерін дамытудың 2025-жылға дейінгі жол картасы да қабылданды.Үкіметтің баспасөз қзыметінің хабаралуынша, қазақ пермьері Асқар Мамин көрші елге сапарында Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесіп, сауда-экономика, қаржы-инвестиция, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ химиясы, энергетика, ғарыш салаларындағы ынтымақтастығын одан әрі арттыруды талқылады. Пандемияға қарамастан екі ел арасындағы сауда көлемі ағымдағы жылдың 10 айында 19,5 млрд долларды құрады. Үкімет басшысы Мамин бұл екі ел арасындағы сауда қатынасында болмаған көрсеткіш деп отыр.
АСҚАР МАМИН – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ «Шыныменде осы жылдың 10 айында Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 30%-ға артты. Біз жалпы 2021 жылдың қортындысы бойныша сауда көлемі 24 млрд долларды құарйды деп күтіп отырмызү Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынаста ешқашан болмаған көрсеткіш».
Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында біздің елде ресейлік импорттың көлемі едәуір артып, 9 миллиард долларды құрап, Қазақстанның нарығын жаулап алды десе де болады. Қазақстанда 7 мыңнан астам ресейлік компания жұмыс істеп жатыр. Осылайша бір жыл ішінде Ресей компанияларының ел нарығындағы көлемі 4 пайызға артты. Көбі құрылыс және сауда саласында қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, Қазақстанда екі елдің бірлескен 3 мың кәсіпорны кәсібін өрбітіп отыр. Көрші Ресеймен экономикамыз тығыз байланысқан. Ал пандемия кезінде бұл қарым-қатынас одан әрі артты. Ал өз кезегінде Ресейдегі қазақстандық компаниялардың көлемі әлдеқайда аз. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіре отырып,сауда саттықты баж салымынсыз жүргізіп отыр. Ал Қазақстанның негізгі шикізат тауарлары Ресей арқылы экспортталуда.