Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МАРҚҰМ С.НҮКЕНОВАНЫҢ ЖАЗБАЛАРЫ ЖАРИЯ ЕТІЛДІ

c 23:52, 05/04 c 113

0:00 / 0:00

"Сәлем, жаным! Мен де суреттерді қарап отырмын және жүрегім ауырып отыр. Мен сені жақсы көремін және мен үшін жасаған және жасап жатқан барлық нәрсені бағалаймын, сенің тырысып жатқаныңды көріп жүрмін. Бірақ мен мәжбүрлі түрде ара-қатынасымызды анықтаудан, махаббатымды дәлелдеуден және ақталулардан шаршадым. Бұл өмір емес, мен сенің ойыншығың емеспін, сенің балаң емеспін, мені үнемі қорқыту және бір нәрсені қайталау, мен ақымақ емеспін, егер байқамаған болсаң–деп жазған марқұм Салтанат Нүкенова өзінің ұялы телефонындағы жеке жазбасында. Ал тағы бір хатында Салтанат шыдамы таусылғанын және ата-анасына кететінін мәлімдеген. Салтанаттың жазбаларын сот отырысы барысында прокурор Аймағанова оқып шықты. Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты өтіп жатқан соттың кезекті отырысында ерлі-зайыптылардың екеуара вотсап желісіндегі жазбалары да жария етілді. Сондай-ақ, марқұм Салтанаттың ұялы телефонындағы фотолар да зерттелді. Айыпталып отырған Бишімбаевтың адвокаттары Нүкенованың телефонындағы каспий қосымшасын да зерттеуді сұрап еді, ол қосымша ашылмады. Одан әрі жәбірленушінің адвокаты марқұм Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптама қорытындысын оқыды.

ЖАННА ОРАЗБАҚОВА – ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АДВОКАТЫ «Сараптама нәтижесінде Салтанат Нүкенованың денесінен бас сүйек-ми жарақаты, бетінде көптеген жара мен қан анықталды. Мұрны сынған, мұрнының айналасындағы терісіне қан құйылған, бас терісіне қан құйылып, субдуральды гематома тіркелді». 

Адвокат Оразбақова жоғарыда сипатталған бүкіл дене жарақаты қатты заттың әсерінен болған. Егер жедел медициналық көмекке жүгінгенде Нүкенованың тірі қалу мүмкіндігі болар еді -дейді.Өз кезегінде прокурор Айжан Аймағанова айыпталушы Бишімбаевтан марқұмның бұл жарақатты қалай алғанын сұрады.

ҚУАНДЫҚ БИШІМБАЕВ - СОТТАЛУШЫ «Мен бұған дейін өз жауабымда айттым. Ол бірнеше рет құлады. Сіз айыптау актісінде қатты зат тиген дедіңіз. Ол қатты зат еден болуы да мүмкін. »

АЙЖАН АЙМАҒАНОВА – ПРОКУРОР «Сіз қайта-қайта құлады деп отырсыз ғой. Қалайша оның мұрын сүйегі сынды? Оның бетінде көптеген жара мен қан болды».

Нүкенованың денесіне жасалған медициналық сараптамада айтылғандардың көбін сотталушы жоққа шығаруға тырысты. Кешегі отырыста экс-министр Бишімбаев мейрамханаға дейін ұрыс-керістің неден басталғанын айтты. Сондай-ақ Нүкенованың қайтыс болуына қатысты өз нұсқасын баяндап берген еді. Сотта Қуандық пен марқұм Салтанаттың қылмыстық оқиға орын алған күндердегі бейнетүсірілім көрсетілген еді. Ол жерде айыпталушының марқұм әйелін шашынан сүйреп, тепкілеп жатқан сәті көрсетілді. Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қасақана, аса қатыгездікпен өлтірді деген айыптауды мойындамай отыр. Ол өзін марқұмның өліміне қатыстымын деп ғана санайды. Айта кету керек аты шулы Бишімбаевтың ісі алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.