Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МАҢҒЫСТАУДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНСЫН»

c 08:57, 19/11/2021 c 1185

0:00 / 0:00

Шаруалар Маңғыстау облысында жалғасын тауып жатқан жұтқа байланысты төтенше жағдай жариялауда талап етті. Бүгін елордада өткен шаруалардың форумында үкіметке осындай талап қойылды. Шаруалардың айтуынша, өңірде мал әлі қырылып жатыр. Қыстан аман шықпайды. Үкімет бөлген қаражат тиындап таратылуда. Оған малдың жем-шөбін сатып алуға мүмкін емес. Ал ауыл шаруашылық министрлігі ұсынған сатистика шындыққа жанаспайды. Өңірде 1000 бас мал қырылды деген ресми көрсеткіш бес есеге көп дейді олар.
Елде орын алған қуаңшылық Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына қатты әсер етті. Мыңдаған мал қырылып, шаруалар табысынан айырылды. Жаз айларында орын алған жұт Маңғыстау өңірінде әлі де жалғасып жатыр дейді шаруалар. Себебі, су тапшы, жем-шөп жетпейді. Елордада бас қосқан шопандар мен жылқышылар үкіметтен Маңғыстауда төтенше жағдай жариялауды талап етіп отыр. Егер бұл талап орындалмаса, наразылық шеруіне шығамыз дейді.

Маңғыстаудағы жағдайға қатысты депутаттар да мәселе көтеріп, үш айға төтенше жағдай жариялауды сұраған болатын. Алайда, бұл талап аяқсыз қалды. Үкімет резервінен 1 млрд 900 млн теңге бөлініп, малы қырылып, тіркелген шаруаларға берілді.Сондай-ақ, «жасыл дәліз» жарияланып, басқа да фермерлердің малына жем-шөп алуға көмек жасалады. Қалған 700 миллион теңге әзірге шаруаларға жетпеген. Мұның өзі аздық етеді дейді депутат Мұсабаев.

Ауыл шаруашылық министрлігінің ресми мәліметі бойынша облыста 1000 бас мал қырылып қалды. Ал бейресми көрсеткіш бұдан бес есе көп екен.

Сондай-ақ, жылқы шаруашылығымен айналысып отырғандар осы төлдің түріне бөлініп жатқан субсидия азайып қалғанын айтады. Жылқы саласындағы өндірісті қолға алуға басымдық жасау керек дейді олар.

Осылайша мал бағып отырған шаруалар шенеуніктерден ауыл шаруышылығына көбірек көңіл бөлуді сұрады. Осы форумға ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерін де шақырған екен. Алайда, министрліктен төбе көрсеткен жан болмады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.