Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МӘМСТЕН МӘН КЕТТІ»

c 00:39, 10/10/2023 c 81

0:00 / 0:00

Мәжілісте МӘМС-тің мәселесі майшаммен қаралды. Депутаттар МӘМС-тен мән кетті дейді. Олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы қаржылық бұзушылықтар мен сапасыз медициналдық қызмет жайында жарыса айтты. Қазақстандықтар тарапынан МӘМС-ке төлеген жарнадан пайда жоқ, қызмет сапасы төмен, бір дәрігерге қаралу үшін айлап күтесің деген шағымдар жиі түседі. Қорға жалақының екі пайызын беріп, тегін медицналық көмек алып, жарып жатқан жоқпыз дейді азаматтар. Мұны өздеріне келген шағымдардан оқыған депутаттар айтып отыр. Аймағамбетовтің мәлімдеуінше, қазақстандықтардың өз қалтасынан емделуге жұмсайтын қаражаттары азаюдың орнына, тек соңғы 2 жылда 27,7% - дан 31,1% - ға дейін өсті. Ауруханалардың кредиторлық берешегі көбейді, азаматтарымыздың медициналық көмек алу уақыты ұзарды, сапа төмендеді.

Бұл аздай жергілікті жерлерде өлген адамдардың аты-жөнін көрсетіп, көбірек ақшаны қармап қалу да орын алған. Яғни қор жұмысында жемқорлықтың иісі мүңкіп тұр. Алайда, Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайда қылмыстық іс қозғауды жөн санамаған деп ашуланды мәжілісмен Базарбек.

Ай сайын аударып отырған жарнасы қорға түспей, тиісті емін ала- алмай сергелдеңге түсіп жүретін азаматтардың да шағымын жиі кездестіресің. Депутаттар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын қайта қарап, реформа жүргізу керек деп отыр. Тіпті қордағы былықтарды анықтау үшін аудиторлық тексеріс қажет.

Аталған мәселе бойынша мәжілістің алдында есеп берген еліміздің бас дәрігері қордаланған проблемаларды шешу жолдарын іздеп жатырмыз деп ақталды. Тіпті бірнеше жолын да ұсынды. Ал МӘМС-ке енбей, тегін медицналық көмексіз қалған 2,5 қазақстандық тіркеліп отыр. Министрлік өзін-өзі қамтып жүргендерге қорға жарна төлетудің әрқилы жолын ұсынып отыр. Мысалы, жүргізуші куәлігін алу үшін МӘМС жүйесінде тіркелу міндеттелуі мүмкін. Яғни қорға жарна төлемейтіндер көлік басқара алмай қалса таң қалмаңыз.

Министр айтқандай 2025 жылдан бастап әр азамат міндетті салықтық декларациясын тапсырады. Сол арқылы сақтандырылмаған азаматтардың табысы белгілі болады және шамамен 700 мың адамды МӘМС жүйесіне енгізу көзделуде. Ал табысы төмен, ауылдарда тұратын шамамен 1,5 миллион адам бюджет қаражаты есебінен сақтандырылады. 2026 жылға қарай халықтың кемінде 95 пайызын қамтимыз дейді министр ханым.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.