0:00 / 0:00
Кәсіпкерлерге «Алтын сапа» марапаты табысталды. Елордада өткен салтанатты шарада сапалы тауар өндірушілерге «Ұлы дала елі», «Іскер», «Іскерлік кемелдік» байқауларының марапаттары және «Парыз» сыйлығы табысталды. Байқау жеңімпаздары «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» және «Азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» деген 4 номинация бойынша марапатталды. Айтулы шараға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта қатысты. Жалпы 15 жыл бойы өткізіліп келе жатқан дәстүрлі «Алтын сапа» конкурсын ұйымдастырушылар 2,5 мыңға жуық өтінім қабылдады, 140-тан аса кәсіпорын үздік деп танылды. 2021 жылы 160 кәсіпорын байқауға қатысуға өтінім беріп, оқыту семинарынан өтті.
Отандық тауарлар қолжетімді болғанымен бағасы қымбат. Себебі, кейбір техниканың жоқтығынан шет елдерге жіберіп, өңделеді. Отандық сапалы өнім өндіру үшін ең алдымен, қабілетті мамандар мен техника қажет. Бизнесті қолдау, ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлерді қанаттандыру мақсатында өткізілген «Алтын сапа» байқауы дәстүрлі шараға айналған. 15 жыл бойы үздіксіз өткізіліп отырған шараға еліміздің сапалы тауар өндіріп жатқан бизнес өкілдері белсенді қатысуда. Биылғы жылы байқауға 160 кәсіпорыннан өтінім келіп түскен. Елордада өткен айтулы шарада байқау жеңімпаздарын үкімет басшысы Асқар Мамин марапаттап, ел Президенті қашықтан құттықтады.
Алайда, индустрияландыру аясында қолға алынған талай жобалар бастау алғанымен, ғұмыры қысқа болып жатыр. Мемлекет басшысы ендігі мақсат өнеркәсіпке қажетті білікті мамандар әзірлеу деді. Себебі, бүгінді өндіріс саласында өз ісінің мамандары тапшы. Бұл индустрияландыруды тежеуші факторлардың бірі болып отыр дейді Тоқаев. 2025 жылға дейін 500-ге жуық индустриялық жобаны іске қосылмақ.
Сондай-ақ, жас мамандарды жұмыс орнында оқыту мәселесі қолға алынып, мемлекет тарапынна тиісті субсидиялар қарастырылуда. Бірақ Президент мұның өзі жеткіліксіз екенін айтты. Өз кезегінде Үкімет пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына қызметкерлерді ынталандыру және жұмыспен қамту, олардың біліктілігін арттыру үшін арнайы шараларын әзірлеуді тапсырды. 15 жыл ішінде конкурсты ұйымдастырушылар 2,5 мыңға жуық өтінім қабылдап, 140-тан аса кәсіпорын үздік деп танылды.