Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

LRT ҚҰРЫЛЫСЫНА ТАҒЫ ҚАРЖЫ КЕРЕК

c 15:36, 29/11/2023 c 62

0:00 / 0:00

Астанада жеңіл рельсті көлік жобасының әзірленгеніне он бес жылдан астам уақыт боылпты. Басында бұл жолдың жалпы ұзындығы шамамен 60 шақырым болуы керек еді. Кейін бұл жоба аясындағы қомақты қаржы жемқорлықтың жемтігіне кеткен соң өзгеріс енгізілді. 2019 жылғы жобада LRT желісінің ұзындығы 22 километрден аспады. Осы жолдың бойында әуежай, Әбу-Даби Плаза ауданындағы сол жағалауды жаңа "Нұрлы жол" теміржол бекетімен байланыстыруы керек еді. Алайда, бұл да өзгерді. Алдағы екі жылда LRT құрылысы аяқталып, бірінші кезеңі бойынша 8 станция іске қосылады деп отыр көлік министрі. Алайда жыр болған ЛРТ құрылысын аяқтау үшін келесі жылға тағы да қомақты қаржы қажет. Қарабаев оны толық аяқтау үшін 150 млрд теңге сұраймыз дейді.

МАРАТ ҚАРАБАЕВ – ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ «Келесі жылға тағы 45 млрд теңге бөлу мәселесі талқыланып жатыр. Бұл қаражат құрылыс-монтаж жұмысын жалғастыру үшін керек. Бүгінде құрылыста 1500 адам жұмыс істейді. Егер жұмыс көлемі ұлғайса, құрылыс командасы жүктелген міндетті орындаса, құрылыс-монтаж жұмысының қарқынын үдете алсақ, онда тағы 150 млрд теңге сұраймыз. Нысанның құрылысын аяқтауды 2025 жылға жоспарлап отырмыз».

Министрдің мәліметінше, биылдың өзінде LRT құрылысына 52 млрд теңге бөлінген. Бүгінде іргетас қазығын қағу 96 пайызға, негізгі тіректерді орнату шамамен 76 пайызға аяқталды. Құрама конструкцияны бір-біріне қосу жұмысы 82 пайызға бітті. Ал құрылысты толық аяқтау үшін 280 млрд теңге қажет. ЛРТ жобасы халық арасында жемқорлықтың символы деп аталып кеткен. Елордалықтардың ашуын тудыратын бұл құрылыстың аяқталуын тағы екі жыл күтуге тура келеді. Оның өзінде бөлініп жатқан миллиардтар қолды болмай, дұрыс жұмсалса. Прзеиденттің өзі «бұл сыбайлас жемқорлықтың иісі мүңкіп тұрған жоба»-, деп бағалағанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.