0:00 / 0:00
Енді өлім жазасы Қылмыстық кодекстің төрт бабында ғана қалып отыр. Соғыс қимылдарымен байланысты және соғыс уақытында жасалатын бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы ең ауыр қылмыстар жасағандар өлім жазасына кесіледі. Оған басқыншылық соғысты тұтандыру немесе жүргізу, жаппай қырып-жою қаруын қолдану, әскери тұтқындар мен бейбіт тұрғындарды өлтіру арқылы соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу, сондай-ақ, соғыс кезінде жасалған геноцид жатады. Осылайша, өлім жазасы Қылмыстық кодекстің 13-бабынан алып тасталып отыр.
Мәтін. Қылмыстық кодексте 17 бап бойынша өлім жазасы қарастырылған болатын. Енді Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына сәйкес, кодекстен өлім жазасы бойынша 13 бап алынып тасталды. Құжатты қорғаған бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің баяндауынша, тек 4 бап бойынша ғана өлім жазасы қарастырылған. Соғыс уақытында жасалатын бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы ең ауыр қылмысты жасағандар өлім жазасына кесіледі. Оған басқыншылық соғысты тұтандыру немесе жүргізу, жаппай қырып-жою қаруын қолдану, әскери тұтқындар мен бейбіт тұрғындарды өлтіру арқылы соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу, сондай-ақ, соғыс кезінде жасалған геноцид жатады. Алайда, депутаттарды әлемді алаңдатып отырған терроризм үшін жазалау неге жұмсартылды деген сұрақ мазалады. Себебі, Қылмыстық Кодекске енгізілген өзгертулерге сәйкес, лаңкестік үшін өлім жазасына кесілмейді.
АРТУР ПЛАТОНОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Әлемде болып жатқан терроризмнің шегі жоқ. Бұл қазір әлем халқына төніп отырған басты қауіптердің бірі. Халықаралық сипатқа ие болған жағдай. Ауғанстанда және басқа да елдерде не болып жатқанын көріп отырмыз. Осыған қатысты өлім жазасын алып тастау қазақстандықтардың қауіпсіздігіне әсер етпей ме».
Прокурордың айтуынша, өлім жазасы террористер үшін ауыр жаза болып табылмайды
ӘСЕТ ШЫНДАЛИЕВ – ҚР БАС ПРОКУРОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ "Террористі өлім жазасымен тоқтату мүмкін емес. Олар лаңкестік әрекетке барған кезде, ең алдымен өз өмірін қатерге тігетінін білеміз. Сондықтан мемлекет Қазақстанда осындай әрекеттерге жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдап жатыр».
Лаңкестік әрекет үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы сақталған. Дегенмен, абақтыда отырған сотталғандарды ұстауға қазынадан қыруар қаржы жұмсалатыны мәлім. Ал бұл халықтың тапқан табысынан бөлінген салық.