Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛДАР САЙЛАУҒА ДАЙЫН

c 09:16, 01/02/2023 c 120

0:00 / 0:00

Қазақстан халық партиясы алдағы Парламент мәжіліс мен маслихат сайлауына сақадай сай. Партия өзге саяси күштерден бірінші болып съезін өткізіп, 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына кандидаттар тізімін бекітіп те үлгерді. Қызылдар Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға 52 адам ұсынып отыр. Тізімнің басында партия серкесі Ермұхамет Ертісбаев тұр. Еске сала кетейік, өткен аптада партия құрамынан экс-депутаттар Жамбыл Ахметбеков, Ерлан Смаиловтар бастаған төрт мүшесі шығып кеткен болатын.

Әдеттегідей сайлау науқанында Қазақстан халық партиясы пысықтық танытты. Қызылдар партиясы алғашқы болып сьезін өткізді. Кезектен тыс 23 сьезге партия мүшелері көздің жауын алатын қып-қызыл желетке киіп келген екен. Қазақстан халық партиясы Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға 52 адам ұсынып, сайлауға сақадай сай екендіктерін мәлімдеп үлгерді. Депутат болуға үміттілердің тізімін партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев бастап, экс-депутаттар Айқын Қоңыров, Ирина Смирнова, Маггерам Маггерамовтар қостап тұр. Өздеріңізге мәлім, бұл аралас сайлауда мәжіліс депуттарының саны 98 адамды құраса, оның 70 пайызы партиялық тізіммен, қалған 30 пайызы бір мандатпен сайланатындардан құралады. Ертісбаев елімізге олигархиялық капитализм емес, халық капитализмі қажет екенін айтты.

Сондай-ақ, Ертісбаев халықа арсынжа жиі қолданылатын «бірлік болса – тірлік болады» мақал-мәтелін өзгерту керек деп санайды. Бұл мәтел партия төрағасына сайлау кезінде мотивация болып тұрған сияқты.

Партия серкесінің айтуынша, әу баста қызылдар бұл сайлауда 120 адаммен күш сынаспақ болыпты. Кейін депутаттық орынды шынайы бөлу үшін, тізімді 52 адамға қысқартқан көрінеді. Қазақстан халық партиясының тізімінде алты ұлттың өкілі бар. Кандидаттардың орташа жасы 50 жас. Сонымен қатар тізімде әйелдер, жастар және мүгедек жандардың үлесі 32,6 пайызды құрайды дейді Ертісбаев.

Ермұхамет Ертісбаев айтқандай, бұл сайлау халықтың мүмкіндігі ме әлде науқан кезінде оянатын саяси партиялардың мүмкіндігі ме? Оны уақыт көрсетеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.