Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚЫМБАТШЫЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛТАСЫН ҚАҒЫП ЖАТЫР»

c 10:11, 29/10/2021 c 1291

0:00 / 0:00

Пандемиядан қажыған халықты енді қымбатшылық қинап жатыр. Сенатор Бауыржан Қаниев үкіметті елдегі азық-түлік бағасының шарықтауымен күресе алмай отыр деп сынады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің өзі қолжетімсіз болып отыр. Дүкендер мен базарлардағы баға күн сайын шарықтауда. Сауда министрлігі алдағы төрт жылда 24 көтерме сауда орталығын саламыз. Осылайша көтерме сауда тарату орталықтары нарықтағы азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді деп сендіруде. Алайда, мұның бәрі бос сөз дейді депутаттар. Сенаторлар премьер-министр Асқар Маминнен азық-түлік тауарларының қымбатшылығын шешу бойынша қабылданған шаралар туралы есеп беруді талап етті.

Депутат Бауыржан Қаниев бастаған сенаторлар Премьер-министр Асқар Маминге жолдаған сауалында, үкіметтің азық-түлік қымбатшылығымен күрес жұмысын сынға алды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің өзі қолжетімсіз болып отыр. Дүкендер мен базарлардағы баға күн сайын шарықтауда. Қазір тек тамақ ғана емес, басқа да тауарларға, қызмет көрсету түрлеріне де баға күйіп тұр. Бір сөзбен айтқанда қымбаттамаған зат жоқ. Ал сауда министрі Бақыт Сұлтанов болса, әлі сол көтерме сауда орталықтарын салу керек деген жырын жырлауда. Министр сонда ғана көтерме сауда тарату орталықтары нарықтағы азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді деп сендіреді. Алайда депутаттар бұл қымбатшылықты жоюдың жолы емес дейді. Министрлік бұл орайда Еуропа елдірінің тәжірибесін ұсынған. Алайда, Франция мен Испанияда елдерінде қалалардың арақашықтығы жақын, шамамен, 80 шақырымнан аспайды. Ал бізде қалалардың орташа арақашықтығы 500 шақырымнан асады. Сондықтан тасымалдау жұмысының өзі қымбатқа түседі. Сенатор бір-бірінен алыс орналасатын көтерме сауда орталықтарының тиімділігіне күмән бар дейді. Ал пандемиядан қажыған халықты енді қымбатшылық қинап жатыр.

Осылайша елдегі отандық тауарлар үлесінің көрсеткіші 30 пайызға жетер-жетпес. Аграрлық ел бола отырып, азық-түліктің 70 пайызын шетелден тасып жүрміз деп ашуланды депутат. Ал Үкіметтің ауыл шаруашылық саласындағы кәсіпкерлерге жасап жатқан қолдауы мәселені шешпейді дейді ол.

Сенаторлар Асқар Мамин азық-түлік тауарларының қымбатшылығын шешу бойынша қабылданған шаралар туралы алдымызға келіп есеп берсін деп отыр. Жоғарғы палатаның бұл талабы үкімет басшысының құлағына жетіп, Парламентке келіп есеп бергенімен, елдегі қымбатшылық жойылып кетпесі анық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.