Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚ ТОҚТАЙ МА?

c 10:49, 04/11/2021 c 1346

0:00 / 0:00

Елде қымбатшылық тоқтай ма? Үкімет бағаны тұрақтандыру бойынша қандай шараларды қолданып жатыр? деген сұрақтарды тілшілер министрлер кабинетіне қойған еді.Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев қымбатшылық Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде орын алып отыр деп ақталды. Әлемдік инфляция 33%-ке жетсе, Қазақстанда оның деңгейі 8,9% шамасында.Бұл жайында ол Парламент Мәжілісінің дәлізінде берген сұхбатында айтты. Ал күннен күнге азық-түлік бағасы өсіп жатыр. Дизель отының құны шарықтау шегіне жетсе, енді автогаз да қымбаттады.

Қазақстан әлі де импортқа тәуелді. Отандық азық-түлік көлемін арттыру мәселесі кенже қалып отыр. Қазақстандық бизнес шетелден азық-түлік сатып алуға қыруар ақша жұмсайды. Халық көп тұтынатын сүт өнімдерінің өзі импортпен әкелінеді. Орташа алғанда елге 3 млрд АҚШ долларына импорттық азық-түлік тасымалданады. Оның басым бөлігін өзіміздің өндірушілер де қамти алатын еді. Алайда, отандық азық-түлік өндірушілердің алдында кедергі көп. Көкөніс өсіріп, сатайын десе оны сақтайтын көтерме тарату орталықтары жетіспейді. Ал диқандардың салған егінін ортадағы делдалдар тым арзанға сатып алып, шарықтаған бағаға сатады. Не керек, елде бәрі қымбат. Тамақ та, киім-кешек те, жанар-жағар май мен отынның да бағасы айқайлап тұр. Дизель отыны қымбаттады деп шулап жүргенімізде, көмір мен автогаздың да құны шарықтады. Қымбатшылықтан ығыр болған қара халық айта-айта шаршады. Ал шенеуніктер болса, тек сөз жүзінде уәде беріп, сансыз жиналыстар өткізумен жүр. Баға күйіп тұрғанда, жаңа жылда инфляция деңгейі 6 пайызға түседі деген министрге сенім бар ма?

Бас экономист баға тек Қазақстанда өсіп жатқан жоқ, бүкіл әлемде шарықтап кетті деп жұбатады. Әлемдік инфляция 33%-ке жетсе, Қазақстанда оның деңгейі 8,9% шамасында. Ал бәсекелестікті қорғап жүрген агенттік басшысы, бағаны жасанды түрде көтергендерге ескерту жасадық деп сендірді.

Әйтеуір еліміздің ұлттық экономика министрі Ерғалиев мырза нан мен сүттің бағасынан хабардар. Алайда министр ақшасыз жүреді екен. Не әмиянында, не банк картасында ақшасы болмай шықты. Ал отбасы күніне азық-түлікке қанша қаражат жұмсайды деген сұраққа жауабында әбден шатасты. шум
Министрлердің айлық табысына келетін болсақ, еңбек жолындағы тәжірибесіне қарай орташа есеппен 600 мыңнан 1 миллион 200 мың теңгеге дейін жалақы алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.