Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДЫҢ ЖҰМЫСЫН РЕТТЕУ КЕРЕК»

c 19:12, 16/02/2022 c 455

0:00 / 0:00

Ақжолдықтар квазимемлекеттік сектордың жұмысын реттеуді талап етті. Мәжілістегі фракция депутаттары Үкіметке сауал жолдап, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заң аясында Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қаржыландыру, қаражаты мен қызметі үшін есеп беруін, тиімділігін қадағалауды жергілікті мәслихатқа жүктеуді. Сондай-ақ, корпорациялардың табатын табысын толығымен жергілікті бюджетке салып, қоғам үшін ашық түрде пайдалану қажеттігін. Әсерісе топ-менеджерлердің жалақысы, сыйақысы, бонустары мен офис-көлкітерін де мәслихат бекітуін ұсынды.

Квазимемлекеттік сектордың жұмысын қатаң бақылауды ел Президент де айтқан еді. Қасым-Жомарт Тоқаев «Самрұқ-Қазына» қорынының жұмысын сынға алып, былықтарды атап, бұл қормен қош айтысуға дайын екенін білдіргенді. Ақжолдықтардың үкіметке жолдаға сауалы осымен үндесіп отыр. Депутаттар «Самрұқ Қазына» қорының аймақтардағы көлеңкесі болып табылатын, өз кезегінде жергілікті даму институты деп есептелетін Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның жұмысына күмән келтірді. Себебі, партияға аталыш корпорациялардың жұмысына наразы кәсіпкерлерден арыз- шағым көп түседі.

Ерубаевтың айтуынша, өңірлердегі бұл корпорация бүгінгі күнде ешқандай ортақ ережесіз құрылым ретінде жұмыс істеуде. Әрбір әкімдік оны өзінше қолдануда.

Депутат Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бюджеттері қоғам үшін беймәлім және олардың есептері ешқандай мемлекеттік құжатпен реттелмеген.Оған қоса, мемлекеттік органдар корпарацияны коррупция құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беріп отыр дейді. Өз кезегінде ақжолдықтар үкіметтен квазимемлекеттік сектордың жұмысын реттеуді талап етті. Қазір бұл ұйым бизнесті дамытуға кедергі болып отырғандықтан, оларды тарату қажет.Болмаған жағдайда Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясының құзіретін арнайы бір тәртіпке келтіріп, заңмен бекітіп, осы корпорациялар кәсіпкерлердің меншігіне, ішкі жұмысына араласпайтын болуы керек.Сондай-ақ, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заң аясында корпорацияны қаржыландыру, қаражаты мен қызметі үшін есеп беруін, тиімділігін қадағалауды жергілікті мәслихатқа жүктеу қажет. Ал оның табысын толығымен жергілікті бюджетке салып, қоғам үшін ашық түрде пайдалану керек. Соның ішінде топ-менеджерлердің жалақысы, сыйақысы, бонустары мен офис-көліктерін де мәслихат бекіту тиіс деген ұсыныс-талаптарын жолдады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.