Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КҮЗДЕ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ

c 11:34, 02/09/2022 c 1095

0:00 / 0:00

Биылғы күз саяси науқанмен бастау алып жатыр. Елде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Ал келесі жылдың бірінші жарты жылдығында парламент сайлауы болады. Бұл жайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына Жоладуында айтты. Жолдауда әлеуметтік мәселелерге де басымдық берілді. Ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынды.

Бірінші қыркүйек- білім күні оқушылар мектеп партасына отырса, депутаттар парламенттегі жылы орнына жайғасты. Жетінші шақырылмның үшінші сессиясының ашылуы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауымен бастау алды. Қасым-Жомарт Тоқаев 1 сағаттық жолдауында Үкімет пен Парламентке біраз жұмысты жүктеді. Салық реформасы аясында салық жеңілдігін енгізіп, «сән-салтанатқа салық» салуды енгізуді ұсынды. Мұның орта тапқа қатысы жоқ, тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алғандарға ғана салық салынады. 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді. Электр энергиясының тарифы артуы мүмкін. Елде электр желілерінің үштен екісінің, жылу коммуникациясының 57 пайызының және су құбыры желісінің жартысына жуығының тозығы жеткен. Тарифтерді күшпен ұстап тұра алмаймыз деді Тоқаев. Жолдауда әлеуметтік салаға басымдық берілді. Ең төменгі жалақы деңгейі 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл 1 млн 800 мың азаматты қамтиды. Қоғамның талабы бойынша әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалатын болды. Келесі жылдан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартады. Тоқаев Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты бағдарламаны ұсынды. 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылатын болды.

Мемлекет басшысы қаралы қаңтар трагедиясына да тоқталды. Қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасалатын болды.

Жоғарғы Сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізу ұсынылды.Президент үміткерлерді баламалы негізде Сенатқа ұсынатын болады. Мемлекеттік басқару жүйесіне де өзгеріс енеді. Ал жаңартып алған Ата заңымыздағы өзгерістер сәйкес, саяси партиялардың саны артады, саяси бәсеке күшейіп, депутаттар қатары жаңарады. Қасым-Жомарт Тоқаев осы күзде кезектен тыс Президенттік сайлау өтетінін хабарлады. Сондай-ақ, Президент туралы Конституциялық заңға «президенттікке бір рет ғана сайланатын» норма енгізілмек.

Жолдауда айтылғандай, қазақстандықтар ағымдағы күзде президентін сайлап алса, келесі жылы су жаңа Парламенті мен Үкіметін жасақтап алмақ. Тоқаев Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдың бірінші жартысында өткізуді ұсынды. Осылайша 2023 жылдың ортасында Президент, Парламент, Үкімет сияқты негізгі саяси институттардың бәрі қайта жаңғырып, жаңармақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.