Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылыс материалдары қымбаттады

c 17:49, 04/11/2021 c 1956

0:00 / 0:00

Қазақстанда құрылыс материалдарының бағасы екі есеге қымбаттады. Әсіресе металл мен кірпіштің бағасы шарықтап тұр. Қымбатшылықтың кесірінен құрылыс компаниялары шығынға батудамыз деп дабыл қағады. Ал жергілікті атқамінерлер құрылыс жұмыстары уақытылы аяқталады деп сендіреді. Толығырақ Ажар Хамитованың материалында.

Мамырдан бастап елімізде құрылыс материалдарының құны шарықтады. Қымбатшылықтың кесірі құрылыс компаниясы мен жеке тұрғындардың қалтасын қағатыны белгілі. Әсіресе металл мен кірпіш, плиталардың бағасы айтарлық қымбаттаған. Мәселен, бұрындары 220 -250 мың теңге тұратын темір, қазір 550 мың теңгеден саудалануда. Тендер ұтып, мемлекет қаражатына нысан салып жатқан компаниялар шығынымыз шаш етектен, бұрынғы бағамен есептелген жобаны аяқтау үшін қажет материалды өз есебімізден сатып алуға мәжбүрміз,- дейді.

Қымбатшылық қысқан шақта құрылыс жұмыстары қалай уақытылы аяқталады?- деп жауапты мамандарға сауалымызды жолдадық. Ал олар ешқандай факторға қарамастан 2021 жылға жоспарланған жобалар уақытылы іске асып, қолданысқа табысталды деп сендірді. Биыл баға өсімінен зардап шегіп отырған компанияларға жоба құнын көбейтіп, қол ұшын созбақ екен.

Қымбатшылыққа байланысты бағасы көтерілген жобалардың көбі ауылдық жерде орналасқан. Оларды жүзеге асыру үшін 2,7 млрд теңгедей қаражат керек. Және мақұлданған 7 жобадан бөлек 4 құрылыс нысанын комиссия тексермек. Қосымша қаражат бөлінсе, ол жобаларға 1 млрд.-қа жуық қаржы бөлу керек. Мәселен, 18 мектептің құрылысына қосымша қаражат бөлінген. 2018 жылы жасақталған жоба құны 1 млр. 150 млн. теңгені құрайды. Қымбатшылық кесірінен оның бағасы 15 пайызға артқан.

Сурет informburo.kz сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.