Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚҰМАР ОЙЫНЫНЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ

c 09:19, 15/04/2023 c 179

0:00 / 0:00

Букмекерлік кеңселер, құмар ойындар және интернет желісі арқылы ұсынылатын барлық бәс тігулер қоғамды алаңдатып отырған проблема. Парламент Мәжілісінің депутаттары Үкіметтен букмекерлік кеңселердің жұмысын бақылауға алуды сұрады. Себебі, бұл кеңселер осы күнге дейін адамдарды құмар ойындарына тартып, агрессивті жарнамалық науқан жүргізіп, еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп отыр дейді халыққалаулылары.

Жеңіл ақша тауып, жылдам баюды ойлағандар букмекерлік кеңселердің жарнамасына, құмар ойындар және интернет желісі арқылы ұсынылатын барлық бәс тігулерге алданып жатады. Өкінішке орай бұл тұзаққа жастар ілігіп жатыр. Отбасы зардап шегіп, салдары қылмысқа алып келеді дейді мәжілісмен Руслан Берденов. Бас прокуратурасының деректеріне сәйкес 2022 жылы 157 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалса, оның 20 %-ы немесе 31 мыңнан астамы құмар ойындардың еншісінде. Құмар ойынына құнығып, қарызға белшеден батқандар өз-өзіне қол жұмсап жатыр деп дабыл қақты депутаттар.

Мәжілісмен, Ұлттық статистика бюросының деректерін ұсынды. Құмар ойындарын ұйымдастыру және бәс тігу бойынша көрсетілген қызметтер бойынша соңғы үш жылда біздің азаматтар құмар ойындарына 1 трлн. теңгеден астам қаражат жұмсаған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы лудоманияны ауру деп танығанын еске салғымыз келеді.

Қазақстанда букмекерлік кеңселер жарнамаларын айқайлатып қойып, жұмысын жалғастырып жатыр. Казиноларды арнайы аймаққа көшіргенімен, нәтиже берген жоқ. Өйткені олар интернет арқылы құмар ойынын ойнай алады. Депутат Берденов, халықаралық тәжірибені ұсынды.
Көршілес Қырғызстанда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың қызметіне 2015 жылдан бастап тыйым салынған. Өзбекстанда да тиым бар. Ал Оңтүстік Кореяда Корея азаматтарына құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған. Елдегі ойын мекемелері кәрістерден басқа барлық адамдар үшін ашық. Қытайда да құмар ойындарына ресми түрде тыйым салынған. Онлайн-казино ойыншылары түрмеге қамалады. Құмар ойындарымен байланысты барлық интернет-сайттар бұғатталған. Депутаттар біздің елде де осындай тиымдар салынуы керек деп санайды. Премьер-министр Әлихан Смайыловтан барлық ақпараттық алаңдарда букмекерлік кеңселердің жарманасына тиым салуды, құмар ойындарын насихаттайтын сайттарды бұғаттауды, банктік карталар, POS-терминалдар, ұялы байланыс операторлары арқылы ойын шоттарының төлемдерін қабылдауға тыйым салуды талап етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.