Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құлаған шатыр

c 18:30, 05/07/2019 c 868

0:00 / 0:00

Сыдықов 64 мекенжайында орналасқан жатақхана тұрғындары опырылып түскен шатырдан зардап шегіп отыр. Баспананың шатыры қыста қалың қарға шыдас бермей, құлапты. Содан берітұрғындардан маза кеткен. Олар Қыста қардан, көктемде жаңбырдың суынан көз ашпай келеді.

Тұрғындар үйлерінің қыста салқын болып, көктемде төбеден су кететіндігіне көңілдері толмай отыр. Әсел Оразалина есімді пәтер иесі 1 жыл бұрын осы жатақханадан бөлмені сатып алған. Қоныс тойларын тойлап үлгермеген жас отбасы күтпеген жағдаймен бетпе-бет кездесіп отырмыз,-дейді.

Пик өкілі аталмыш жатақхананың тұрғындары арасында ауызбіршіліктің жоқтығын айтып, ашынды. Бірінші, екінші қабаттың тұрғындарына шатыр, ал жоғарғы қабатта тұратын жандарға жертөленің мәселесі толғандырмайды.

Сала мамандарының сөзіне сенсек, аталмыш жатақхананың тиісті құжаттары жеткіліксіз. Яғни, үйдің кондомининумы мен жер актісі жоқ. Аталмыш құжаттар болмаса, мемлекеттік бағдарламаға іліге алмайды. Мамандар тұрғындармен бірнеше мәрте жиналыс өткіздік,- дейді. Биылғы жылы тұрғын үйді жаңғырту модернизациясы бойынша 3 көпқабатты үйге жөндеу жасалған. Ол үшін мемлекеттен 68 млн теңгедей қаражат бөлінген.

Еліміздің аумағында тозығы жеткен тұрғын үйлерді жаңғыртуға арналған бағдарлама 2011 жылы басталды. Қазіргі таңда аталмыш бағдарламаның арқасында Орал қаласында 103 үй жөндеу көрді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.