0:00 / 0:00
Теміржолдағы "құйтырқы схемалардың" артында ақыпалды адамдар тұр. Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің басшысы Олжас Бектенов алқа отырысында Қазақстанда "құйтырқы" схемалардың артында табысын шетелде жасырған ықпалды тұлғалар тұрғанын айтты.Ол шетелге заңсыз әкетілген қаражат пен мүлікті қайтару үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажет деді. Қазір антикормен жалпы құны 57 миллиард теңге болатын 600-ден аса теміржол мемлекеттік бақылауға алынды.
Қазақстанда қай саланы түртсеңіз де жемқорлықтың иісі бұрқ ете қалады. Мысалы теміржол тасымалдаушылары үшін тарифтер 14 есеге – 2200 теңгеден 147 теңгеге дейін төмендеген. Мұндай "құйтырқы" схемалардың артында көбіне "көлеңкелі" кірістерін шетелде жасыратын ықпалды тұлғалар тұрды", - деді Антикор басшысы. Қазір антикормен жалпы құны 57 миллиард теңге болатын 600-ден аса теміржол мемлекеттік бақылауға алынды.Жемқорлықпен күрес агенттігінің алқа отырысындағы сөйлеген сөзінде Олжас Бектенов шетелге заңсыз әкетілген қаражат пен мүлікті қайтару үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажет деді. Бүгінде экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға және оларды мемлекет меншігіне қайтаруға байланысты істерді тергеу ерекше бақылауда. Соның нәтижесінде мемлекетке 430 миллиард теңге немесе шамамен 1 миллиард доллар сомасында активтерді қайтару қамтамасыз етілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы жемқорлық статистикасынан гөрі халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты маңызды деп отыр. Өкінішке орай статистика қуып, жоқ қылмысты қолдан жасау бар дейді ол. Көрсеткіштерді орындауға ұмтылған тәртіп сақшылары жоқ жерде қылмысты ойлап тапқан.
Өкінішке орай, жемқорлықпен күресіп жатқан ведомствоның өз қызметкерлері де бұл індеттен ада емес. Агенттіктің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 2 қызметкері сотталды. Тәртіптік жауапкершілікке 142 қызметкер тартылды, оның бесеуі теріс себептермен қызметінен кеткен. Бектенов мырза, қоластындағылардың адал қызмет етуін қамтымақ.