Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«КӨШЕДЕ ТҮКІРГЕНДЕР ЖАЗАЛАНАДЫ»

c 19:08, 18/08/2022 c 1456

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары көшеде түкіргені үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды. Енді қала көшелерінде түкіргендерді бейнебақылау камерасы арқылы анықтайтын болады. Бүгін өткен маслихаттың отырысында қала тазалығына қатысты тұрғындардың жауапкершілігі сөз болды.

Көшеде келе жатып немесе көліктен түкіре салатындарды көру күнделікті жиіркенішті көрініс. Бұл қоқысты кез-келген жерге лақтыра салуды айтпағанда. Мамандар көшеге түкіру санитарлық нормаға қарсы. Түрлі бактериялардың таралуына әкеп соғады дейді. Елорда маслихатының депутаттарын қала тазалығы мазалап отыр. Депутаттар көшеде түкіргені үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды.

ДИНАРА БАЙСЕРКИНА – ҚАЛА МАСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Жол үстінде жүргізушілер, такси жүргізушілері көліктен түкіре салатынын жиі көреміз. Өте ерсі әрекет. Көшеде келе жатып түкіре салатындарға қатысты халықтан шағым көп түседі. Тіпті қоғамдық орындарда, саябақтарда, үй аулаларында түкірікті жиі көресің. Тазалықты сақтау мәдениетін енгізу керек. Бұған қатысты шара қолдану қажет шығар»

Депутаттың ұсынысын шаһар басшысы Алтай Көлінов те қолдай кетті. Әкімнің айтуынша, дамыған Сингапур елінде көшеде түкрігендерге айыппұл салады.

Осылайша көшеде түкіргеніңіз үшін қалатыңз қағылатын болады. Ал қала көшелерінде түкіргендерді бейнебақылау камерасы арқылы анықтайды. Осындай жағдайға куә болған адамдар құқық қорғау органдарына жүгіне алады, сөзін растау үшін фото немесе видеоны қоса ұсынуы керек.

Түкірікке қатысты өзге елдердің тәжірибесіне сүйенсек. Қытайда көшеде түкіргендер, ұсақ-түйек қоқыс тастағандар 8 доллар айыппұл төлейді. Ал Сингапурде 1000 долларға дейін айыппұл салынады. Тізе берсек, көше тазалағына нұқсан келтіргенді дамыған елдерде тек айыппұл салып ғана жазаламайды, 1 айға қоғамдық жұмысқа салады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.