Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Коронавирустың алдын алу

c 16:44, 05/03/2020 c 568

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында әлемді дүрліктірген коронавирус кеселі тіркелмеген. Сала мамандары өңірлік коммуникация алаңында осындай мәлімдеме жасады. Үкімет Ақжайық өңірінде тәж вирусы таралмауы үшін медициналық бетперде, қолғап пен арнайы киім алу үшін 38 млн. теңгедей қаражат бөліпті. Қазіргі таңда сырқаттың алдын алу үшін барлық шаралар қолға алынған.

Еліміздің бас санитарының қаулысымен шетелден келген азаматтар түрлі санаттарға бөлінген. 1-ші санаттың "А" тобында вирус өршіп тұрған Қытай, Иран, Оңтүстік Кореядан келген жандар жіті тексерістен өтеді. Сала мамандарының сөзінше, облыста аталмыш елдерден келіп, карантинге жабылған адамдар жоқ.

Баспасөз мәслихаты барысында сала мамандары облыста медициналық маскалардың саны жеткілікті деп мәлімдеме жасады. Мамандардың кеңесіне құлақ ассақ, сіздің дене қызуыңыз көтеріліп, денсаулығыңыз сыр берсе бірден медициналық көмекке жүгінгеніңіз абзал. Ал дені сау азаматтар сырқатқа шалдықпас үшін қарапайым жеке бастың гигиенасын сақтап, қолды жиі сабындап жуып, бөлмелерді желдетіп тұру қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.