0:00 / 0:00
Коронавирус инфекциясы қайта өршіп жатыр деп дабыл қағады қазақстандық дәрігерлер. Қазақстанда өткен тәулікте 137 адам қауіпті індет жұқтырды. Бірнеше күннен бері елде короновирус жұқтыру деректері артып келеді. Соңғы күндері бұл көрсеткіш бірден 20 есеге көбейген.
Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов журналистерге берген сұқбатында маска тағу режиміне қайта оралуымыз мүмкін деді
Әлем тағы да алаңдаулы. Себебі, қауіпті індет-коронавирус қайта бой көтерді. Қазақстанда да жағдай алаңдатарлықтай. Өткен тәулікте 137 адам қауіпті індет жұқтырды. Бірнеше күннен бері елде короновирус жұқтыру деректері артып келеді. Соңғы күндері бұл көрсеткіш бірден 20 есеге көбейген. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында ең жоғарғы көрсеткіш. Дәрігерлердің айтуынша, ковидке қарсы мүлдем вакцина алмағандар мен ревакцинация жасатпағандар арасында індетті жұқтыру тіркеліп отыр. Елдегі коронавирус инфекциясы ахуалы туралы баяндаған вице-премьер Тоғжановтың айтуынша, науқастар саны одан әрі көбейсе, маска тағу режиміне оралуымыз мүмкін.
ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Әзірге ең маңызды мәселе вакциналау болып отыр, айтарлықтай күрделі жағдай жоқ. Дегенмен, науқастар саны көбейсе, маска тағу режиміне қайта оралуымыз мүмкін. Қазір тәулігіне 100 адамға дейін науқастар саны артып келеді, сондықтан мәселе жоқ емес, бар. Карантин талаптарын күшейту мәселесін ведомствоаралық комиссияның отырысында көтереміз. Тек қана маска тағу жөнінде емес, жалпы шаралар туралы»
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 627 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Ковидке шалдыққандардың арасында 5 адамның жағдайы ауыр.