Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қорғаныстағы дау-дамай

c 13:18, 18/09/2023 c 87

0:00 / 0:00

Жақында елордада кәсіпкерлер наразылық акциясын өткізді. 100 компанияның өкілі қорғаныс министрлігіне шағымданды. “Әскер Құрылыс” ЖШС наразылық білдірушулерге 6,5 миллард теңге қарыз көрінеді. Айтулы компания қорғаныс министрлігінен әскери нысандарда жөндеу жұмыстарын жүргізуге тендер ұтып алған. Ал салық органдары салық міндеттемесін орындамағаны үшін мердігерлердің есеп шотын бұғаттап тастаған. Ал олардың қызметкерлері жұмыссыз, жалақысыз қалды. Шеруге шыққандар несиемізді қалай өтейміз деп уайымдап отыр.

Елодада Бәйтерек монументіне жиналған наразы топ “Әскер Құрылыс” ЖШС наразылық білдірушулерге 6,5 миллард теңге қарыз екенін айтты. компания қорғаныс министрлігінен әскери нысандарда жөндеу жұмыстарын жүргізуге тендер ұтып алған. Ал салық органдары салық міндеттемесін орындамағаны үшін мердігерлердің есеп шотын бұғаттап тастаған. Ал олардың қызметкерлері жұмыссыз, жалақысыз қалды. Шеруге шыққандар несиемізді қалай өтейміз деп уайымдап отыр. Әскер Құрылыс Қорғаныс миристрілігіне қарасты мекеме. Наразылыққа шыққан компания өкіллері осы ЖШС тен тапсырыс алып, құрылыс материалдарын тасымалдау, жөндеу жұмыстарын жасаумен айналысқан. Олар Әскер Құрылысқа сендік деп отыр. Алайда бұл үміттері ақталмады. Уәде етілген ақша жоқ.

Бизнесмендер Бас прокуратураға, қорғаныс министрлігіне, Антикорға шағымданған. Тіпті Президентке хат жолдап жатыр. Енді міне БАҚ өкілдеріне жанайқайларын айта келген. Өз кезегінде Қорғаныс министрлігі аталмыш компанияның қарызға батқанын растап отыр. Алайда Қорғаныс министрлігі бұл дауға араласа алмайды.

Өз кезегінде шағымданып отырған кәсіпкерлер ол компанияның есеп шотында қаражат жоғын біле тұра қалайша қорғаныс министрлігі осы келісімге келген деп таң қалып отыр. Тағы бір сұрақ. Егер қорғаныс министрлігі ақшасын берген болса, Әскер Құрылыс ол қаражатты қайда жібеоді? Сұрақ көп жауап жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.