Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА ҚАНША ҚАРЖЫ ЖҰМСАЛАДЫ?

c 20:06, 24/02/2023 c 106

0:00 / 0:00

Қорғаныс министрі орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтің айтуынша, еліміздің қорғаныс саласына жалпы ішкі өнімнің бір пайызы жұмсалады.Бұл жайында ол сенат дәлізінде тілшілердің сұрағына жауабында айтты. Егер халықаралық тәжірибені қарастыратын болсақ, Қазақстанның әскери қару-жарақпен қамтылуы көптеген елдерге қарағанда кенже қалған. Қорғанысқа бөлінетін шығындар бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан 115-ші орында тұр. Біздің ел бұл салада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында да төменгі көрсектіште.

Еліміздің қарулы күштері жақсы артиллерияға ие және қарсыластың флотына жауап бере алады. Дегенмен, толық ультра заманауи қарумен қамтылған деп айта алмайсың.
Ол Ресейден шыққан және соңғы үлгімен қамтамасыз етілмеген. Көбісі кеңес әскерінен қалған техникалық құрал-жабдықтар, дейді әскери мамандар. Егер халықаралық тәжірибені қарастыратын болсақ, Қазақстанның әскери қару-жарақпен қамтылуы көптеген елдерге қарағанда кенже қалған. Қорғанысқа бөлінетін шығындар бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан 115-ші орында тұр. Біздің ел бұл салада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында да төменгі көрсектіште. Қорғаныс министрі орынбасарының айтуынша, еліміздің қорғаныс саласында жалпы ішкі өнімнің бір пайызы жұмсалады.

СҰЛТАН ҚАМАЛЕТДИНОВ -ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Қорғаныс министрлігінің бюджеті туралы айтатын болсақ, шығыс көздері жалпы ішкі өнімнің 1 пайызын құрайды. Бірақ бұл сома өсті. Оның айта алмаймын»

Ал 2023 жылға арналған бюджетте еліміздің қорғанысына 1 трлн 29,8 млрд теңге бағытталған. Бұл дегеніміз 2 миллиард доллардан асатын сома. Қорғанысқа ең көп қаржы бөлетін елдер қатарында – АҚШ, Қытай және Үндістан тұр. Ал ТМД елдері бойынша Ресей қорғаныс саласына қаржыны аямай құяды. Ресейдің шығысы 61,7 миллиард долларды құрайды. Әскери сарапшылардың пікірінше, халық санының аздығы әскерге жұмылдыру жұмыстарына мүмкіндік бермей отыр. Оған қоса жастар да әскерде қызмет етуге құлшынбайды. Сарапшылар армия кәсіби болуы керек. Онда сары ауыз сарбаздар емес, тәжірибелі әскерилер қызмет етуі керек деген пікірде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.