0:00 / 0:00
Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформа нәтижесінде әзірленіп, қабылданған алты заңға жария түрде қол қойды. Яғни айтулы заңдарға қол қою рәсіміне еліміздің саясаттанушылары мен сарапшылары қатысты. Қабылданып отырған заңдарға енгізілген өзгерістер Президенттің наурыз айындағы жолдауында көрініс тапқан еді. Ол үшін бүкілхалықтық реферндум өткізіп, Ата заңымызға өзгеріс енгізгеніміз есімізде.
Президенттің жария түрде қол қойған Конституциялық заңдарын атап өтсек: «Конституциялық Соты туралы», « Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «Прокуратура туралы», Президент Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» екі заң және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданып, күшіне енді. Сарапшылар бұл заңдар елімізге жаңа серпін әкеледі деп сендіреді.
Айта кету керек, Ақордада Парламентпен қабылданған заңдарға жария түрде қол қою бірінші рет орын алып отыр.