0:00 / 0:00
Банктер мен шағын қаржы ұйымдары мерзімі өткен кредиттік қарыздарды коллекторлық компанияларға тым арзанға сатып жіберіп жатыр. Шағын қаржы ұйымдарының коллекторлық агенттіктерге қарыздарды су текке беріп жатқанының өзі күмән тудырады дейді Мәжіліс депутаты Юрий Ли. Мәжілісмен Бас Прокуратура мен қаржы нарығын ретету агенттігіне жолдаған сауалында коллекторлық агенттіктердің заңсыз әрекеттерін реттеуді сұрады.
Бас ал десе , шаша алады. Коллекторлардың жұмысы баяғы 90-ы жылдардағы рекетерлердің әрекетін еске салады. Қара халық кредитке белшеден батқан. Қымбатшылық қысқан кезде, табысын жоғалтқан жағдайда банк алдындағы борышын өте алмай жатқандар қаншама. Мұндай жағдайда жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады демекші. Банктер несиесін өтей алмай қалған қарызгерлердің ісін коллекторлық агенттіктерге оп-оңай бере салады. Депутаттың айтуынша, шағын қаржы ұйымдары мерзімі өткен кредиттік қарыздарды коллекторлық агенттіктерге су текке сатқан. Бұл жерде қаржы ұйымдары мен коллекторлар арасында ауыз жаласу бар деп күмән тудырды мәжілісмен Юрий Ли. Депутат Қазақстанда қаржылық жағдайда тұтынушылардың мүддесі қорғалмайды. Тек борышкерді тығырыққа тіреу жұмысы жүйелі жүргізіледі деп алаңдады.
ЮРИЙ ЛИ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ -«Азаматтардан келіп түскен шағымдардан қаржы ұйымдары мерзімі өткен кредиттік қарыздарды коллекторлық агенттіктерге су текке сатып жатқанын көріп отырмыз. Бағалау қандай жағдайда жүргізілетіні белгісіз. Кепілдендірілген қарыз құны қалай есептеледі? Беймәлім. Біздің біліуімізше, банктер мен шағын қаржы ұйымдары мерзімі өткен кредиттердің портфелін көтерме бағамен сатады. 7 пайыздан 25 пайызға дейін. Сатылым жеңілдігі 90 пайыздан жоғары. Жақсы бизнес жасап алған».
Мәжілісмен банктер мен коллекторлар арасындағы бұл сыбайластық 90 жылдарды еске түсіреді дейді. Бас Прокуратура мен қаржы нарығын реттеу агенттігіне жолдаған сауалында коллекторлық агенттіктердің заңсыз әрекеттерін қадағалауды сұрады. Кредит берушілер мерзімі өткен қарыздар бойынша жекелеген жағдайда жеңілдік жасау жолдарын жүргізуі керек деген ұсынысын алға тартты депутат. Сондай-ақ, банктердің кредиттік қарыздарды коллекторлық агенттіктерге сату барысы ашық боулы тиіс. Ал борышкерлерге хабарласып «қылмыстық қудалауға түсесің»- деп қорқытып-үркітетін коллекторлардың әрекеті заңсыз дейді Юрий Ли. Ресми мәліметке сүйенсек, Қазақстанда банктер алдындағы қарызын өтей алмай, несие тарихы бұзылған 1,5 миллион азамат тіркелген.