Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Колледж түлектерінің 80 пайызы жұмыспен қамтылған

c 18:08, 08/04/2021 c 503

0:00 / 0:00

БҚО-да техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын бітірген студенттердің 80 пайызы жұмысқа орналасады. Бұл туралы білім басқармасының мамандары мәлімдеді. Қазіргі таңда облыста 17 мың студент кәсіби немесе техникалық мамандықта оқиды. Жыл сайын 6000 студент оқуын аяқтап, өмірге жолдама алады.

Биыл оқуын аяқтаған кәсіби және техникалық колледждер түлектерінің 80 пайызы жұмысқа тұрған. Олардың дені жас педагогтар, қызмет көрсету саласында оқыған жандар мен Айти саласының мамандары. Бүгінде облыста кәсіби және техникалық мамандықтарда 17 мың студент білім алуда.

Сұранысқа ие мамандықта оқып жатқан студенттің бірі Снежана Мажитова. 3-курстың студенті қазірдің өзінде тәжірбиесін шыңдап, сән салонында жұмыс жасап жүр. Жастайынан анасымен бірге шаштараздық кәсібін меңгерген кейіпкеріміз бүгінде облыстық сайысқа дайындығын пысықтауда.

Еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуы үшін жас кадрдың білімі мен тәжірбиесі мол болуы керегі бесенеден белгілі. Мамандар студенттердің тәжірбие жинақтауы барлық санитарлық талаптарға сай орындалып, карантин шаралары сақталған жағдайында өтіп жатқанын айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.