Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қолда бар алтынның қадірі жоқ

c 11:24, 25/07/2018 c 1152

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы балаларға арнап салынған ойын алаңың қиратып кеткен.Күні кеше ғана балардың қуанышына деп тапысырлған спорт алаңын кімдер қиратып кетті. Балалардың қуанышы кімге кедергі болды.Қала тұрғындары бұған ересек адамдарды кінәләп отыр.Қазір мердігер компания өкілдері балар алаңындағы бүлінген спорт құралдарын жөндеумен айналысып жатыр.

Бұл, Циалковский көшесінде бой түзеген балалар алаңының бүгінгі сыйқы. Аталмыш нысан балаларды қорғау күні сән салтанатымен тапсырылған болатын. Бірақ, әлгі нысан 2 айға шыдас бермей, шетінен сынып жатыр. 45 млн теңге бой түзеген нысанда екі бейне бақылау құрылғысы орнатылған. Алайда, бұл спорт нысандарын аман алып қалуға қауқарлы емес секілді. Баласын ойнатып отырған қала тұрғыны алаңды қиратуға баланың әлі келмейді. Спорттық нысанды ересек адамдар пайдаланып, істен шығарды деп ойлаймын,- дейді.

Алаңды тұрғызған мердігер компания өкілдері болған жайды көріп, енді кері жөндеу жұмыстарын қолға алған. Қазіргі таңда, футбол алаңын қоршаған дарбазалардың баршасы түгенделіп, баскетболға арналған шеңбері орнатылмақ.

Жыл санап халықтың игілігі үшін деп мемлекеттің қаржысынан салынып жатқан нысандардың саны артып келеді. Замануи техника да адамдардың әлімжеттігіне тосқауыл бола алмай, балаларға деп салынған нысан қайта-қайта жөнделуде. Спорттық нысанды бұзған тұлға анықталып, келешекте бұл балалар алаңын құзырлы органдар өз бақылауына алады деп үміттенейік.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.