Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚОҚЫСТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУДЕ КЕНЖЕ ҚАЛЫП ОТЫРМЫЗ

c 14:47, 14/03 c 104

0:00 / 0:00

Ауыл-аймақты айтпағанда, ірі қалалардың шетінде рұқсат етілмеген жерде үйіліп жатқан қоқысты жиі кездестіресің. Ал ауылды жерлерде жасыл желекті емес, тұрмыстық қалдықтардың шашылып жатуы заңдылыққа айналған. Экология министрінің айтуынша, ғарыштық мониторинг арқылы 46 елдімекенде 5,5 мың рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды.

Қазақстанда қоқыс сұрыптау мәдениеті толық қалыптаспаған. Қала көшелеріндегі қоқыс жәшігіндегі нұсұқауларды орындап жатқан ешкім жоқ. Бәрін бір жәшікке лақтыра салады. Пластикті бөлек жинау, шыныны сұрыптау дегенді көрмейсің. Ал сол қоқыс қалдықтарын қайта өңдейтін зауыттар әлі де болса аз. Тұрмыстағы қатты қалдықтарды қайта өңдеп, дайын өнім алуды дамыту сапалы қайталама шикізат талап етеді. Ол үшін қайта өңдеуге дейінгі барлық технологиялық операцияны, яғни жинау, тасымалдау және сұрыптауды ретке келтіру қажет, - дейді Нысанбаев. Министр елде қоқысты қайта өңдейтін 37 зауыт салынатынын айтты. Ал бұған дейінн Экология министрлігі қатты тұрмыстық қалдықтарды өртеп, энергия өндіріп алатын зауыт салуды жоспарлағанды. Алайда ол жоба әзірге толық шешімін таппай отыр. Бас эколог Дубай мен Абу- Даби қалаларында мұндай зауыт нәтижелі жұмыс істеп тұрғанын айтады.

Қазір әлемде 2 мыңнан астам осындай нысан бар екен. ТМД елдері арасында тек Әзербайжанда ғана қоқысты өртейтін зауыт салынған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.