Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚОҚЫС ӨҢДЕУ ЗАУЫТТАРЫ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ

c 17:00, 16/03 c 70

0:00 / 0:00

Елімізде миллиардтаған теңгеге салынған қоқыс өңдеу зауыттары жұмыс істемей тұр. Экология министрлігі мен әкімдіктер қоқысты қайта өңдеуден гөрі, оны көме салатын полигондарды ұстағанды жөн санайды деп сынады сенатор Закиржан Кузиев. Республика бойынша жыл сайын 4,5 млн тонна коммуналдық қалдық шығарылады. Бүгінде 5,5 мыңнан астам заңсыз полигон тіркеліп отыр. Сенат депутатының айтуынша, қазір қоқыс мәселесімен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар тиісті нәтиже бермей келеді. Тіпті, қауіпті және медициналық қалдықтарды кәдеге жарату және кәдеге жарату кезінде қолдаланылатын технология нормативке сәйкес келмейді. Ал бұға бюджеттен қырура қаржы жұмсалып жатыр. Бұл орайда сенатор қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі Орталық Азиядағы ірі зауыт құрылысының Алматыда салынғанымен, оның өзі жабылып қалғанын айтады. Ақтөбе мен Семейде бес миллиард теңгеге салынған екі жаңа зауыт та тоқтап тұр. Еуропа елдерінде қалдықтарды азайту, оларды қайта өңдеу және қайта пайдалану қолға алынған. Сенатор Германия 2030 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды көметін полигондардан бас тартуды жоспарлап отырғанын айтады. Ал біздің ел әлі қоқысты көміп тастап отырмыз.

ЗАКИРЖАН КУЗИЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ  «Экология министрлігі мен әкімдіктер миллиардтаған қаржыны қоқысты қайта өңдейтін зауыт салуға емес, 20 гектар жерді алып жатқан полигондарды құруға жұмсап жатыр. Одан да аумағы полигоннан бес есе аз жерде зауыт салып, қоқысты қайта өңдеу керек ғой. Ертең бұл қоқыстар жер асты суларына сіңеді, одан қалды үлкен өрттің орын алуына себеп болады. Үкіметке қайта өңдеуге жатпайтын қаптаманы пайдалануға тыйым салуды, қалдықты сұрыптау жүйесін енгізуді, қоқысты уақтылы шығармағаны және рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі үшін айыппұлды ұлғайтуды, шетелдік инвесторларды тартып, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салуды ұсынамыз».

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.