0:00 / 0:00
Соңғы жылдары кино индустриясына бетбұрыс басталғанын аңғарамыз. Көп жағдайда өз қаражатына кино түсіріп жатқандар бар. Алайда, көрерменге ұсынылып жатқан кинолардың бәрі бірдей сапалы, ой салатын, ұрпақ тәрбиелейтін кино болды деп те айта алмайсың. Әсіресе комедия жанрындағы киноларға қатысты сын көп. Мемлекет қаржысына да кино түсіріліп жатыр. Депутат Мұқаевтың айтуынша, қазынадан бөлінетін қаржылардың көбі «өз араларында» қалып жатқандай көрінеді. Өйткені, Ұлттық киноны қолдау орталығының фильмдері не сұранысқа, не халық тарапынан қолдауға ие емес. Соңғы төрт жылда түсірілген 100 киноға бөлінген миллиардтар өзін ақтай алмаған.
Мысалы, Серік Сәпиев туралы түсірілген «Боксшы» фильміне 900 млн. жұмсалса, кассалық жинақ небәрі 25 млн. теңгені құрады. Яғни кино өте сапасыз әрі көрермендерге әсер сыйлай алмады дейді мәжілісмен. Тізе берсек , «Жизнь» фильмі де сәтсіз түсірілген туынды.
Депутат сауалында әлемдік тәжірибедегідей кино экономиканың қозғаушы драйвері болуы керек. Мемлекеттен қаржылық қолдау алуға үмітті киногерлерді қолдаудың жан-жақты механизімін жетілдіру қажет,- деді. Яғни кино түсіремін деп келгендердің бәріне бірдей қазына қаржысын үлестіре бермей, талапты күшейтіп, талғамды арттыратын уақыт жетті.