Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КІМ КІНӘЛІ?

c 10:34, 17/02/2023 c 91

0:00 / 0:00

Премьер-министрдің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин пияз бағасының қымбаттауына Бұқаралық ақпарат құлдарының әсері болды дейді. Вице-премьер бұл жайында Парламент Сенатының дәлізінде тілшілердің сұрағына жауабында айтты. Министр пияз бағасы төңірегіндегі халық арасындағы әңгімеге журналистердің де қатысы барын айтты. «Мен сізбен келіспеймін. Баға қазіргі уақытта тұрақтанды. Әрине, сіздер айтпасаңыздар, пияз мәселесін адам білмейтін еді. Бірақ БАҚ-тың сондай күші бар. Пияз деген жетеді. Экспортты жауып тастадық. Пияз деген Қазақстанда жеткілікті. Баға – 130 теңге деді тілші сұрағына.

Серік Жұманғарин сауда министрі лаузаымына тағайындалған жетте елде баға тұрақтылығын қалыпстастыру үшін қысқа уақытта жоспар жасап, жариялаймын деген болатын. Ол қант тапшлығы орын алып, бағасы шарықтап жатқан кезде келген еді. Вице-премьердің бұл жоспары жүзеге асты ма? Инфляциямен күрес қалай жүріп жатыр? Қанттың жыры біткен соң, пияздың бағасына қатысты мәселе туындады. Үкімет пияз экспортына шектеу қойды. Себебі, көрші елдердегі тапшылық отандық өнімге сұранысты арттырып, ел ішінде тапшылық орнауы мүмкін деген сақтықтық танытты. Дегенмен, жекелеген сауда орындары пияздың бағасын шарықтатып жіберді. Министр Жұманғарин елдегі ірі сауда орындарындағы пияз бағасының өспегенін айтып шармаса да, жекелеген дүкендерде, базарларда пияздың келісі 300 теңгеден асып жығылады. Вице-премьер пияз бағасы төңірегіндегі халық арасындағы әңгімеге журналистердің де қатысы бар деп отыр.

Соңғы кезде шенеуніктер тарапынан шешімі табылмай жатқан мәселеге журналистерді кінәлау әдетке айналған сияқты. Бұған дейін тағы бір вице-премьер Роман Скляр Екібастұздағы апатқа қатысты ақпарат таратқан БАҚ өкілдеріне шүйліккен болатын.

Жұманғарин «Магнум» сауда үйінде тексеріс жүргізіп, тауарды кезек-кезекпен қайта-қайта алып, базар арқылы сатып жатқан 19 кісіні анықталғанын айтты. Сондай-ақ, ол биыл инфляцияның деңгейі 9,5 пайыздан аспайды. Соған байланысты Статистика бюросымен бірігіп бағаның индикаторларын жасалды. Дұрыстап айналым схемасы арқылы алған әкімшілік шығын көрмейді деп сендірді. Сондай-ақ тілшілер дәретхана қағазының қымбаттағанын мысалға келтірді. Сауда министрінің бұдан хабары жоқ екен.

Energyprom.kz порталының ақпаратына сүйенсек, өткен жылы Қазақстанда 26,8 мың тонна дәретхана қағазы өндірілген. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 23,7 пайызға төмен. Өткен жылмен салыстырғанда биыл дәретхана қағазының бағасы 50 пайызға өскен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.