Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«КИІК САНЫН РЕТТЕУГЕ МӘЖБҮРМІЗ»

c 23:59, 23/01 c 69

0:00 / 0:00

Бас экологтың болжауынша, 2025 жылы елімізді мекендеген киік саны 4,5 миллионнан асып кетеді. Сондықтан экология министрлігі киік санын реттеу жұмысын жалғастыруда. Министр Нысанбаевтың айтуынша, қазір биологиялық, ғылыми негіздеме аясында аңшылық жасап жатыр. Осы ақпанның 20-сынан бастап киік ату тоқтатылады. Өкінішке орай, буаз киіктер де аңшылардың оғына ұшырап жатыр. Бірақ осыған қарамастан киік санын реттеуге мәжбүрміз дейді министр. Қазірді өзінде елде 2,5 млн бас киік бар.

Ақбөкендердің көбеюінен диқаншылар зардап шегуде. Әсісере Батыс Қазақстанның шаруалары шығынға ұшырады. Министр бұл орайда киіктің қамын емес, адамзаттың тіршілігін басты мәселе деп қараған жөн дейді.

Дала еркесі-кіикті атуға рұқсат беріліп, оның еті қайта өңдеуден өткізіліп, қалбырға салынған еті сатылымға шығарылып жатыр. Алайда, бас эколог оның дәмін татып көрмепті. Брифинг барысында министрге "Сіз консервіленген ақбөкен етін америкалық актер Леонардо Ди Каприоға жіберуді жоспарлап отырсыз ба?" деп сұрақ қойылды. Өздеріңізге мәлім, танымал Голливуд актері Леонардо Ди Каприо киік санын өсірген қазақ еліне ризашылығын білдірген болатын. Нысанбаевтың мәліметінше, 21 мың бас киіктің санын 2,5 млнға дейін өсірдік.

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ – ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ «Қалбырға салынған киік етіне тоқталсақ. Ол сатылып жатса, өзім сатып алып, дәмін көремін. Шынымды айтсам, бұл туралы ойламаппын»

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.