Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«КЕЛЕШЕК» ЖАСТАРҒА НЕ БЕРЕДІ?

c 16:17, 03/10/2023 c 80

0:00 / 0:00

Келесі жылдан бастап «Келешек» ерікті жинақтау жүйесі енгізілетін болады. Бұл жайында Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасы мен Жолдауын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында айтылды. «Келешек» жүйесі білім қуған жастарға не береді? Толығырақ тілші тарқатады.

Қазақстанда білім қуған жастардың қалаған мамандығын игеріп шығуы оңайға түсіп жатқан жоқ. Себебі, жоғары оқу орындарының оқу ақысы шарықтап тұр. Жыл сайын өседі. Беделді деген университеттердің жыл сайынғы оқу ақысы кем дегенде 1-1,5 млн теңгеден басталады, әрі қарай жалғаса береді. Әрине қалтасы қалыңдардың балалары ҰБТ тапсырып, қалаған оқу орнына түседі болмаса шетел асады. Ал қарапайым отбасының баласы мемлекеттік гранттан үмітті. Болмаған ажғдайда ат-ана пайыздық мқлшерлемесі айғайлап тұрған несиені алып, оқуын төлейді. 2024 жылдан бастап Ұлттық қордан жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың жеке есеп-шотына аударылып отырады. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бала туу көрсеткішінің көбеюіне байланысты болашақта білім беру жүйесіне түсетін жүктеме едәуір артады. Осыған байланысты Жолдауда айтылғандай жоғары білімді қолжетімді етудің қосымша тетігі ретінде «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін әзірлеу басталды.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, «Келешек» осы мәселелерді шешуге көмектесуі керек. Білім берудің қолжетімділігі мен сапасы ресурстарды шоғырландыру және мемлекет, бизнес, оқу орындары мен азаматтар арасында жауапкершілікті бөлу есебінен қамтамасыз етілетін болады. Бұл бірінші мамандықты алғанға дейін балаларды толық қолдауға мүмкіндік беред. Аталған жаңа жүйе алдағы жылдан бастап енгізілуі мүмкін.

Үкіметтегілер бұл ретте гранттар санын арттыру олардың көбін жоғары біліммен қамтуға мүмкіндік бермейді деп отыр. Яғни жыл сайын грант көлемі көбеймеуі де мүмкін. Ол үшін «Келешекке» жинақтауға тура келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.