0:00 / 0:00
Қазір қамауда отырған Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен басқа да тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану дерегі бойынша тергеу жалғастырып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің хабарлауынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы қазынаға 7 млрд теңге шығын келтірді деген күдікке ілініп отыр.
Бұған дейін Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, онда өзіне жала жабылып жатқанын, музейдегі негізсіз тексерулерге тосқауыл болуын сұраған болатын. Тіпті әлеуметтік желіде Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің қызмет жолы мен атқарған істері туралы айтып, бірнеше жыл бұрын қоғамда шу болған «Феникс» фильміне қатысты да сөз қозғаған еді. Ол тіпті «Феникс» фильмі бойынша істі болған Тұңғышбай Жаманқұлов пен Талғат Жаныбековтер қаралап отыр дегенді. Кейін еліміздің белгілі актері Тұңғышбай Жаманқұлов "экс министрдің үстінен арыз түсіргенін мәлімдеді. Міне содан бері қамауда отырған Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеу жалғасуда. Жемқорлыққа қарыс күрес агенттігі Ұлттық музейдің директоры А.Мұхамедиұлы мен басқа да тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.
Бұған дейін жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Ұлттық музейдің лауазымды тұлғаларына қатысты "Алтын адамның әлем музейлері шеруі" халықаралық көрмесін өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт аясында 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Енді Арыстанбек Мұхамедиұлының мәдениет және спорт министрі болып тұрған кезіндегі әрекеттері де тексеріліп жатыр дейді. Жалпы тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша қазынаға 7 млрд теңге шығын келтірілген.