Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫ НАШАРЛАҒАН

c 15:12, 11/09/2023 c 102

0:00 / 0:00

Қазақстандықтардың материалдық жағдайы нашарлаған. Ұлттық банк 2023 жылғы тамыздағы ақша-несие саясаты туралы баяндамасын жариялады. 2022 жылы халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы айына 154 мың теңге болған. Ал медианалық табыстың шамасы 2,5 есеге төмендеп, 63 мың теңгеге тең болды. 2023 жылғы маусымда орташа айлық табыс аздап өсіп, 174 мың теңге болды. 2023 жылғы 1 тоқсандағы деректерге сәйкес, халықтың 90 пайызында жан басына шаққандағы табыс айына орта есеппен 151 мың теңгеден аспай отыр. Ал қаржы министрлігінің ақпаратынша, несие алып, қарызға батқандар бойныша күніне 100-150 адам бонкрот деп танылуда.

Ұлттық банктің мәліметіне сай, қазақстандықтардың материалдық жағдайы көңіл қоншытпайды. Өткен жылы халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы айына 154 мың теңге болса, осы жылы орташа айлық табысы сіл ғана өсіп, 174 мың теңге болған. 1 тоқсандағы деректерге сәйкес, халықтың 90 пайызында жан басына шаққандағы табыс айына орта есеппен 151 мың теңгеден аспай отыр. Қазақстан халқының барлық табысының төрттен бір бөлігі - 24,3 пайызы 150 мыңнан 3 миллион теңгеге дейін табыс табатындарға тиесілі. 10 пайызының айлық табысы кісі басына шаққанда 35-45 мың теңгені құрайды. Қазақстандықтардың негізгі табысы-жалақасы. Ұлттық банктің мәлімдеуінше, кейінгі жылдары халықтың материалдық жағдайының нашарлауына демографиялық процес, сатып алу қабілетін төмендететін жоғары инфляция себеп болып отыр. Халықтың жағдайын көтеру үшін инфляцияны 5 пайызға дейін төмендету керек деген ұйғарымын алға тартады Ұлттық банк.

Осылайша жерасты байлығының үстінде отырған Қазақстан халқының көп бөлігі тапқан табысын күнделікті қант-шайына тиындап әрең жеткізіп отыр. Оған қоса, несиеге белшеден батқан. Үкімет несиесін өтей алмай жатқандарды банкрот деп жариялау үшін биыл наурыз айынан «Банкроттық туралы» заң жұмыс істей бастады. Осы күннен бастап өтінімдерді қабылдануда. Заңға сәйкес, тексеру жүргізуге жарты жыл уақыт қарастылған. Жарты жыл өтті. Енді банкрот деп жариялау процедурасы жүріп жатыр, - дейді қаржы вице-министрі.

ЕРЖАН БІРЖАНОВ – ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ « Жарты жыл уақыт керек болды. Қыркүйекте жарты жыл өтті. Енді банкрот деп жариялау процедурасы жүріп жатыр. Алғашқы күндері біз адамдардан түскен 377-ден аса өтінімді қарастырып, оларды банкрот деп жарияладық. Мен статистиканы күн сайын бақылап отырмын. Банкроттардың тізіміне 100-200 адам қосылып отырады. Қазір біз ол бойынша жұмыс істеп жатырмыз»

Вице-министрдің сөзінен түсінгеніміз, Қазақстан күн сайын банк алдындағы қарызын өтей алмай жатқан 100-150 адам өзін банкрот деп жариялайды.

ЕРЖАН БІРЖАНОВ – ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Бүгінде елде банкрот деп танылуы мүмкін 10 мыңнан аса адам бар. Олар тізімге біртіндеп қосылады. Қазір олар банкрот деп танылуы мүмкін. Алайда күн сайын өтініштер түсіп жатыр. Осы 10 мың адамның шамамен 400-ге жуығын (банкрот) деп таныдық. Күн сайын банкрот тізіміне 100-150 адам қосылады. Жалпы, Қазақстанда күн сайын 100-150 адам өзін банкрот деп жариялайды деп айтуға болады»

Өзін банкрот деп жариялаған тұлға кейін екінші деңгейлі банктерден несие ала алмайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.