0:00 / 0:00
Пандемия барысында қазақстандықтардың 58 пайызы ем алуда қиындықтарға тап болған.61 пайызы ресми медицинаға сенеді. Халықтың 47-і пайызы денсаулық мәселесінде ғалымдарға сенеді. Бұл халықаралық «Stada» фармацевтикалық компаниясының биыл Қазақстанда жүргізген зерттеулерінің нәтижесі.
Мәтін. Мұндай халықаралық зерттеулер сегіз жылдан бері жүргізіліп келеді. Алайда, «Stada» фармацевтикалық компаниясы бұл сауалнаманы біздің елде алғашқы рет өткізіп отыр. Бұған себеп, әлемді жайлаған қауіпті індет-ковид. Екі жыл бойы коронавируспен күрескен әлемнің бұл індеттен қалай шыққаны жайында сауланама өткізілген. Компания 15 елде зерттеу жүргізген. Қазақстанның нәтижесіне келсек, бұл сауалнамаға 30 мыңан аса адам қатысқан. Мәлім болғандай, пандемия барысында қазақстандықтардың 58 пайызы ем алуда қиындықтарға тап болған. 61 пайызы ресми медицинаға сенеді. Халықтың 47-і пайызы денсаулық мәселесінде ғалымдарға сенеді.
АРМИНАС МАЦЕВИЧУС – ТМД ЕЛДЕРІ БОЙЫНША «STADA» ФК ДИРЕКТОРЫ «Халық дәрі табу қиын болғанын айтты. Дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы дұрыс жүргізілмеген. Бұл көрсеткіш Еуропа және өзге елдермен салыстырғанда Қазақстанда өте жоғары. Дәрі сатып ала алмаған. Ал Еуропа елдерінде дәрімен қамту сақтандыру медицинасы арқылы шешіледі»
Дегенмен, зерттеу ұйымының нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтардың 60 пайыздан астамы ресми медицинаға сенеді деп кесіп айту қиын. Себебі, еліміздің денсаулық сақтау саласы пандемия барысында көп олқылықтарға жол бергені мәлім. Шетелдік дәрігерлерінің берген ұсынымдары толық қолданылмаған деген ақпар да шыққан болатын. Қарапайым дене қызуын түсіретін дәрі таппай сабылған халықтың жан-айқайы. Бар дәріні қоймаларда ұстап, тапшылықты қолдан жасаған деректер есімізде. Ол үшін бұрынғы басшылар қазір сот алдында жауап беріп жатыр. Әрине мұндай жағдайда қазақстандықтар ковидке қарсы ем алуда қиындықтарға тап болды.
ЛАРИСА ПАВЛОВЕЦ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Біз статистиканы білеміз. 10 миллионнан аса адам ковид жұқтырды. Миллионнан астам адам індеттен көз жұмды. Вирус кең тараған кезде қатаң шектеулерден жұмысын жоғалтқандар қаншама. Мына зерттеу нәтижесі соның көрінісі».
Зерттеу нәтижесінен тағы бір мысал келтірсек. Пандемия барысында Қазақстан халқының 30 пайызы дәрігерге дер кезінде жазыла алмаған. Ал 28 пайызы дәріханадан қажетті дәріні таба алмай қиналған. 16 пайызы қаражаттың тапшылығынан дәрі-дәрмек сатып ала алмаған. Егер осы көрсектішті еуропа жұртымен жүргізген сауланамамен салыстырсақ, олардың 6 пайызы ғана еміне дауа іздеуде ақшадан қиналған. Әрине халықаралық зерттеу қазақстандықтарды толық қамтығанда, бұл көрсеткіш одан сорақы болар еді.