0:00 / 0:00
Биыл жаңа оқу жылында 3 миллион 600 мың бала қамтылып отыр. Яғни 7 мың 637 мектеп оқу жылын бастауға дайын. Алайда, мектептерде орын тапшылығы әлі толық шешілген жоқ. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бүгінгі күні 260 мың орын жетпейді.
Ал елімізде мешіт салып сауап жинап жүрген қалталы азаматтардың арасында мектеп салып беруге құштарлық танытушылар аз.
Жаңа оқу жылы да есік қағып тұр. Ата-аналар балаларын мектепке дайындау науқанына кірісіп кетті. Оқу-ағарту министрінің мәліметінше, биыл жаңа оқу жылында 3 миллион 600 мың бала қамтылып отыр. Яғни 7 мың 637 мектеп оқу жылын бастауға дайын. Алайда, мектептерде орын тапшылығы әлі толық шешілген жоқ. Бүгінгі күні 260 мың оқушыға орын жетпейді. Министр Аймағамбетов мектептегі орын тапшылығын шешуде еліміздегі олигархтар бесенділік танытса деген үмітте. Елімізде мешіт салып сауап жинап жүрген қалталы азаматтардың арасында мектеп салып беруге құштарлық танытушылар аз көрінеді.
Жаңа оқу жылынан бастап, бірінші сыныпқа барған оқушылар үш тілде оқып миын ашытпайтын болды. Министрдің айтуынша, басатушы сыныпта тек ана тілінде оқитын болады.
Реформашыл Аймағамбетов, биылғы оқу жылында оқушылардың каникулын қысқартатын болды. Енді қазақстандық оқушылар бұрынғыдай 25 мамырда каникулға шықпайды, оқу ұзақтығы 31 мамырға дейін созылды. Яғни оқу ұзақтығы - 36 аптаны құрайды. Демалыс және мереке күндерімен қоса балалар жыл бойы 192 күн демалады. Министрдің айтуынша, көшбасшы елдермен салыстырғанда Қазақстанда жазғы каникул ең ұзақ болып табылады.