Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА «ЖАСЫЛ» СУТЕГІ ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН САЛЫНАДЫ

c 17:02, 31/10/2022 c 948

0:00 / 0:00

Немістер елімізде жасыл сутегі шығаратын кәсіпорын салмақ. Ол үшін Германия Қазақстанда Сутегі дипломатиясын ашады. Бұл жайында елордада өткен Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербоктың кездесуінен соң мәлім болды. Еліміздің бас дипломатының айтуынша, «Svevind» неміс-швед концернінің «HYRASIA ONE» еншілес компаниясы мен Қазақстан Үкіметі арасында инвестициялық келісімге қол қойылды.Осы келісім аясында Еуропа мен Азияның энергетикалық және шикізат қорларының өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда таза әрі экологиялық тиімді «жасыл» сутегі шығаратын әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірін салу жоспарланып отыр.

Қоршаған ортаны қорғау мақсатында қолға алынып отырған тімді жоба бойынша өткен аптада қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельге Маңғыстау облысында «жасыл» сутегін өндіру және тарату орталығын құру таныстырылған болатын. Неміс компаниясы қуаты жылына 2 миллион тонна болатын «жасыл» сутегі өндірісін өндіретін кәсіпорынды Маңғыстау облысында салады. Германия сыртқы істер министрі аталмыш жобаны іске асыруда Қазақстанның әлеуеті жоғары дейді.

АННАЛЕНА БЕРБОК – ГЕРМАНИЯ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ «Германияның кәсіпорындары сутегі, жел және күн энергиясы жобаларында алдыңғы қатарда тұр. Біз Астанада Сутегі дипломатиясы кеңсесін ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл бюро сарапшылар мен мамандарды тарту тұрғысында маңызды болмақ. Осы орайда маңызды жобаларды нақты іске асыруға жағдай жасалады»

Германия әлемдегі 4-і экономикалық ел болып табылады. Дегенмен, Қазақстанға инвестиция көп құятын алдыңғы қатарда елдер тізбегінен көре алмай отырмыз деді қазақ дипломаты. Мұхтар Тілеуберді Қазақстанда неміс инвесторларына барынша қолайлы жағдай жасалып отырғанын айтты.

2021 жылы тікелей шетелден тартылған инвестиция көлемі 24 млрд долларды құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 37 пайызға артқан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.