Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстанда су тарифін арттыру жоспарлануда

c 09:49, 14/07/2022 c 1754

0:00 / 0:00

Қазақстанда суды үнемдеуді ынталандыратын тарифтерін енгізу ұсынылды. Бұл туралы Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Бекмағамбетов елордадагы брифингінде мәлімдеді. Су ресурстарын пайдалануға арналған қолданыстағы мөлшерлемелер мен су беру қызметінің тарифтері өте төмен және ирригациялық жүйелерді күтіп-ұстауға және пайдалануға арналған шығындарды жаппайды дейді сарапшылар.
Бірнеше жыл бойы елдің оңтүстік аймақтарында су тапшылығы байқалып келеді. Сарапшылардың болжамдары көңіл көншітпейді. су ресурстарын тұтыну өсіп, тапшылық артып келеді. Судың тек 60 пайызы өрістерге жетеді екен. Каналдарды, су қоймаларын жөндеу және су ресурстарын автоматтандырылған басқаруды енгізу қажет. Мұның бәріне ақша керек. қазіргі таңда еліміздегі мыңдаған ауыл орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген. Құбыр өткізуге тағыда ақша қажет. Бірақ қазір су таусылмайтын тегін ресурс ретінде қабылданады, бұл ретте бізде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің субсидияланатын фактілері бар, бірақ олардың өнімдері экспортқа кетеді. Сала сарапшылары мойындағандай, біз дамыған елдердегідей тарифтерге бірден көтере алмаймыз, өйткені бұл тауарлардың өзіндік құнының, соңғы тұтынушылар үшін тарифтің өсуіне алып келеді. Бірақ тариф 2018 жылы бес жылға бекітілген, дегенмен қазір оны ұлғайту үшін қайта қарау қажеттілігі туындады, дейді сала сарапшылары. Себебі бұл су ресурстарын ұтымды және ұқыпты пайдалануға ынталандырады, дейді олар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.