Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР САНЫ ТЫМ КӨП ПЕ?

c 16:03, 04/10/2023 c 94

0:00 / 0:00

Тәртіп сақшысы тым көп елді полиция билігі жүретін мемлекет деп санайды. Еске сала кетейік, азаматтық белсенділер құқық қорғау органдарында реформа жүргізуді талап еткенді. Қазақстанда адам басына санағанда полицейлердің саны тым көп. Дегенмен, елдегі қылмыс азаятын емес деген сын жиі айтылады. Қазақстандықтар полиция санын азайтып, олардың жұмыс сапасын арттыруды ұсынғанды. Ішкі істер органдарындағы жемқорлықты жойып, жұмыстарының ашықтығын көрестуді сұрағанды. Сарапшылардың айтуынша, ІІМ қазіргі қызметі тиімсіз екенні көрсетіп отыр. Қазақстан жан басына шаққанда полицейлердің саны бойынша әлем елдері арасында алдыңғылардың қатарында тұр.

МАРАТ ҚОЖАЕВ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Мекемелердің мемлекеттік мекемелерді, аса маңызды стратегиялық нысандарды полиция құрамы күзетеді. Бүкіл елде солай. Шетелде болсаңыз көңіл аударыңыз. Оларды мұндай нысандарды полция қорғайды. Үкімет, Мемлекет басшысының резиденциясы аса маңызды стратегиялық нысандар болғандықтан полция күзетінде»

Өкінішке орай, қоғам полицияның жұмысына жүз пайыз разы емес. Полицияның саны көп, жұмыс сапасы жоқ деген сыни пікірді жиі естейсіз. Жемқорлық, 102 қызметінің тұралап қалған жұмысы, басына іс түскенде адамдардың полициядан көмек күтпейтіні жиі айтылатын сын. Белсенділердің айтуынша, полиция салық төлеушілердің ақшасына жұмыс істеп жатыр. Яғни халыққа жақын болуы тиіс. Ал бізде полиция жаныңды алатын жәбірейіл сияқты көрінеді. Вице-министр Қожаев болса полицейлердің санын қысқарттық деп ақталды.

МАРАТ ҚОЖАЕВ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «6-7 жы бұрын полиция күштерінің саны 100 мың адамға шаққанда біраз көп болған. Қазір 100 мың адамға 383 полицейден келеді. Бұл Еуропа елдеріндегі стандарт»

Көп жағдайда ішкі істер органдарының жұмысы қылмыстың алдын алу емес, қанша қылмыс ашылғанын көрсетуге тырысатын, статистикаға байланғанын көрсетеді. Сондай-ақ, Қожаев келесі жылдан бастап «қазақстандықтардан жаппай саусақ ізі алынады» деген ақпаратқа жауап берді. Оның айтуынша, заң күшіне енгеннен кейін де қазақстандықтар саусақ ізін түсіртуге міндетті емес. Дегенмен, 2024 жылдан бастап күшіне енетін заңға сәйкес, жеке куәліктің немесе төлқұжатты алатын, ауыстыратын кезде саусақ ізін тапсыруға тура келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.