Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА КЕДЕЙШІЛІК 0,3 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

c 18:13, 17/10/2022 c 1293

0:00 / 0:00

Қазақстанда кедей отбасында өмір сүріп жатқандар көбейе бастады. Ұлттық статистиканың мәліметінше, 2022 жыл халықтың кедейшілік деңгейі 5,1%-ды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырған 0,3 пайызға жоғары болып отыр. Қымбатшылықтың салдарынан көбіне көп балалы отбасылар кедейшіліке тап болуда. Бес және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейшілік деңгейі 9,3%-ды құрады. Ал Дүниежүзілік Банктің дерегінше, Орталық Азияда Қазақстандағы кедей халықтың үлесі 15,5 пайызды құрайды.Осылайша Қазақстан Нигерия, Ангола, Венесуэла және Габон сияқты елдердің қатарында тұр. Ал ел үкіметінің мәліметінше, кедейшілік деңгейі 5 пайызды құрайды.

ТИМУР ЖАҚСЫЛЫҚОВ ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «Кедейшілік деңгейі өсіп жатыр. Халықтың кірісі артып, экономика дамып жатыр. Бірақ бізде пандемия кезінде жалпы ішкі өнім төмендеп кетті. Халықтың өмір сүру сапасы төмендеді. Үкімет бұл жағдаймен күреседі. Инфляцияны ұстап тұру үшін өзі өнімдерімізді өндіру керек. Импортқа тәуелділіктен арылу қажет. Валютаның тұрақсыздығы ел ішінде инфляцияның шарықатуына әкеп отыр. Халықты жұмыспен қамту керек»

Бұл үкіметтің жылдағы әні. Жоспар көп, нәтиже жоқ дейді депутаттар.

Кейбір депутаттар үшін елде кедейлердің көбеюі күрделі мәселе емес.

Кедейшіліктің қасіретін ауыл халқы көріп отыр дейді мәжілісмен Әбілдаев. Ол ауылшаруашылық саласын дамытып ғана, кедейшілікті жоюға болады деген ойын алға тартты.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасынан соң өтірік статистиканың бетін ашқанды. Ұлттық статистика бюросы 2021 жы묬дың желтоқсанында еліміздегі бір жұ¬¬мыс¬кердің орташа еңбекақысы 268 051 мың теңгені құраса, халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы 131 мың теңгеге жетті деп мәлімдеді. Алайда Президент өңірдегі көп адамның жалақысы 50 мың теңгенің шамасында екенін айтқанды. Қалалықтарға қарағанда ауылдықтар екі есе аз табыс табатыны осыдан-ақ көрініп тұр. Ал кедейшіліктің зардабын көріп отырғандар атаулы әлеуметтік көмек алып жан бағуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.