Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА КЕДЕЙЛЕР САНЫ АРТУДА

c 10:18, 29/01/2022 c 857

0:00 / 0:00

Қазақстанда кедейшілік деңгейі артуда. Ресми мәліметтер өтірік сөйлейді. Статистика агенттігі ұсынғандай жұмыссыздар саны 450 мың емес, 2 миллионға жеткен дейді Сенатор Мұрат Бақтиярұлы. Депутаттың айтуынша, елде кедейлік шегінен төмен өмір сүретіндер саны артты. Жалған статистикадан арылу керек, тәтті өтіріктен гөрі ащы шындық жақсы. Премьер-министрге жолдаған сауалында, шынайы статистиканы беруді сұрады.

Жаңа Қазақстанды дамытуға белсене кіріскен депутаттардың сауалдары да белсенді. Соңғы кездері үкіметке қойған талаптары да өткірленіп кеткен. Жылдар бойы ресми статистикаға сеніп жүрген депутаттар, енді оның деректеріне қарсы шығып жатыр. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы Статистика агенттігі ұсынғандай жұмыссыздар саны 450 мың емес, 2 миллионға жеткен дейді.

Сондай-ақ, депутат премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында Қазақстандағы кедейлік деңгейі де дұрыс есептелмеген дейді. Бақтиярұлы үкіметке өтірік сөйлейтін ресми мәліметтерден арылуды және кедейшілікпен күресудің жаңа жүйесін жасауды ұсынды.

Пандемия кезінде қазақстандықтар табысынан айрылып, жұмыссыздық белең алып, кедейшілік деңгейі артқаны баршаға мәлім. Несиеге белшеден батып отырған халықтың тапқан табысы банктер алдындағы борышын өтеуден аспай жатыр. Ал жұмыссыз қалып, тақыр кедей болып жатқандар қаншама. Сенатор кедейлік шегін анықтайтын әлемдік стандарттарға шығу керек дейді.Кедейшілік деңгейін зерттейтін Дүниежүзілік банктің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда кедейлікпен күрес бәсеңдеген. Кедейлік шегінің ең жоғарғы көрсеткішіне сәйкес, күнделікті табыс 5,5 долларды құрауы керек. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, қазақстандықтардың жартысының айлық табысы 50 мың теңгені құраса, біздің ел Дүниежүзілік банктің есебіне ілесе де алмай отырмыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.