Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА 70 МЫҢ РЕСЕЙЛІК ЖСН АЛДЫ

c 17:40, 04/10/2022 c 1063

0:00 / 0:00

Көршіден маза кетті. Ресейде ішінара мобилизация жарияланған сәттен бастап Қазақстанға келген ресейліктердің 70 мыңға жуығы жеке сәйкестендіру нөмірін алып үлгерді. Цифрлық даму, министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, ЖСН арқылы ресейліктердің жүріс-тұрысы бақылауда болады. Бізге олардың елге келгенін және жасаған заң бұзушылықтарын тіркеу маңызды. Сол себепті ЖСН – нөмір беру және бүкіл мәлімет базасында тіркеу болып табылады.

Ал Ресей азаматтары ЖСН-ді банк картасын алу үшін жасатып жатқаны мәлім. Сондай-ақ, ЖСН жасатқан шетелдік азаматтар қазақстандық ұялы операторларға тіркеледі. Ресейліктердің елімізге жаппай келуі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ыңғайсыз жағдай туғызған еді. ЖСН алуға келген көрші елдің азаматтарының көптігі сонша, ұзын-сонар кезек қалыптасып, ғимарат сыртына дейін тұрғандар болды. Бұл орталықтың жұмысын баяулатып, қазақстандықтардың қызмет алуына кедергі келтірді. Ал әкімдіктер келгендер арасында қақтығыс тууы мүмкін деп сақтанып, ресейліктерге ХҚК арнайы бөлішесін де ашып берген еді. Тіпті Цифрлық даму министрі бұл жағдайды жеке бақылауында ұстаған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.