0:00 / 0:00
Қазақстанда алдағы жеті жылда не өзгереді? Бұл сұраққа стратегиялық бастамалар форумында бас қосқан сарапшылар жауап іздеп көрді. Британдық экономист, «Неге бір ел бай, ал екіншісі кедей» бестселлерінің авторы Джеймс Робинсонның айтуынша, елдің дамуы үшін екі компонент керек.
ДЖЕЙМС РОБИНСОН - ЭКОНОМИСТ «Біріншіден, саяси билікті кеңінен тарату, есеп беру, демократия. Екіншіден реформа жүргізе алатын мемлекеттік институттар керек»
Ал үміт ақталмаған жағдайда адамдарда сенім жоғалады дейді сарапшы. Көңілі қалған адамдар бірден оның балама жолын іздейді. Сондықтан мемлекет осы инфрақұрылымды құруы керек. Билік өкілі Тимур Сүлейменов те әрбір қазақстандық сияқты еліміздің жарқын болашағынан үміттімін дейді.
ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Демонополизация жұмысы жүріп жатыр. Мен түсінемін, өзім де осы елдің адамымын, 1978 жылы туғанан осы елде тұрамын, тұра беремін. Мен де елдің болашағынан жақсы үміт күтемін. Тезріек шешім қабылданса екен деймін. Бірақ бәрі біз ойлағандай болмайды. Мемлекеттік басқару, нарықтық басқару оңай емес. Жұмыс істеп жатырмыз.Бәрін байыппен жасау керек».
Ал қазақстандық экономистердің пікірінше, қымбатшылық орын алып жатқан уақытта инфляцияны тежейтін құрал жоқ деуге болады. Себебі, инфляцияның басым бөлігін сырттан импорттап отырмыз, - дейді Олжас Құдайбергенов. Дегенмен сарапшы бір жылдан кейін жағдай өзгеруі мүмкін екендігін жоққа шығармады.
Сондай-ақ, сарапшылар квазимемлекеттік компанияларды толық жекешелендіру керек дейді
Салыстыратын болсақ, Қазақстан сияқты жерасты байлығына кенеліп отырған Норвегия, Кувейт, Араб Әмірліктері өте бай елдердің қатарында. Бұл елдердің азаматтары тегін емделіп, тегін білім алады. Кедейшілік деген жоқ десе болады. Ал Қазақстанға не кедергі?