0:00 / 0:00
Елімізге қоныс аударғандар Қазақстан азаматтығын алу үшін міндетті түрде мемлекеттік тілде емтихан тапсыратын болды. Үкімет әзірлеп жатқан тиісті заңманаға осындай талап енгізілуде. Бұл жайында премьер-министр Әлихан Смайылов тілшілердің сұрағына жауабында айтты.
Ал тарихи отанына оралған қандастарымызға және тағы басқа санаттағы азаматтарға мұндай талап қойылмайды.
Премьер-министрдің айтуынша, жақын арада азаматтық туралы құжат парламенттің қарауына ұсынылады. Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжілістегі ақжолдық депутаттар үкіметке сауал жолдап, елімізге келіп жатқан шетелдік азаматтарға қойылатын талаптарды күшейтуді, Қазақстанның мемлекеттік тілі мен тарихын білуге, Ата заңын құрметтеуге міндеттеуді сұраған болатын.