Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚАЗАҚМЫСТА» КЕНШІ ҚАЗА БОЛДЫ

c 00:50, 07/11/2023 c 66

0:00 / 0:00

Елімізде тағы да кенші өлімі тіркеліп отыр. Өткен жексенбі яғни қарашаның 5 күні «Қазақмыс» компаниясының шахтасында кенші қаза болды. Компанияның хабарлауынша, кен шебері өз жұмысын ақатарып жатқан сәтте өлімге әкелетін жарақат алған. Осы оқидаған кейін Ұлытау облыстық еңбек инспекциясы мен арнайы тергеп-тексеру комиссиясы құрылып, жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Өкінішке орай, еліміздегі кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі толық сақталмайды. Еңбек министрлігі өкілінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 10 айында өндіріс орындарында 175 жұмысшы көз жұмған.

Өздеріңізге мәлім, қазақстандықтар өткен аптада ғана қара жамылып, Қарағанды облысының Костенко шахтасындағы апатта қаза болған 46 кеншіні жоқтаған еді. Осы қайғылы оқиғадан кейін билік «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын мемлекет меншігіне беру жұмысын жүргізіп жатыр. Үкімет бұл шаруа осы айдың соңында ақяталады деп хабарлағанды. Аталмыш компанияға отандық инвесторды тарту көзделіп отыр. Ал шахталардың жұмысын жүргізуді қолға алатын олигарх 3 млрд доллар қаржы құюы тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.