Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚ-РЕСЕЙ ШЕКАРАСЫНДА «ЖАСЫЛ ДӘЛІЗ» АШЫЛАДЫ

c 17:41, 29/09/2022 c 1650

0:00 / 0:00

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан бері Қазақстанға 100 мыңға жуық ресейлік бас сауғалап келді. Біздің елге келгендердің жартысы транзитпен басқа мемлекеттерге кеткен. Көршіден үдере кетіп жатқан ресейліктердің легі әлі толастар емес. Бұл жағдай екі ел арасындағы шекарадан өту барысын қиындатып, кептеліс қалыптасты. Премьер-министрдің орынбасары-сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің мәлімдеуінше, шекарада қазақстандықтар да бар. Оған қоса азық-түлік көліктері де кептелісте қалып жатыр. Енді проблеманы шешу үшін қазақстандықтарға Қазақстан-Ресей шекарасында "жасыл дәліздер" ашылатын болды.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ, САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ «Қазіргі кезде екі елдің шекарасында кептеліс бар. Ұзын сонар кезекте қазақстандықтар ғана емес, азық-түлік көліктері де тұр. Мен кеше Ресейдің вице-премьерімен сөйлестім. Шекараның арғы жағында өз азаматтарымыз өте алмай жатыр. Азық-түлік тиелген көліктер де тұрып қалды. Әріптесіммен шекарада «жасыл дәліз» ашуға келістік. Ресей жағы тиісті ережені шығарды».

Қазақша сұрақққа жауап беруге уақыт таппаған вице-премьер Жұманғарин «жасыл дәлізді» бүгін-ертең ашамыз деп отыр.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ, САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ «Бүгін шекара қызметтері өзара келіссөз жүргізеді. Біз "жасыл дәліздерді" ұйымдастыруға тырысамыз. Дәлізден ең алдымен қазақстандықтар және азық-түлік таситын көліктер өтеді»

Сондай-ақ, Жұманғарин мырза ресейліктердің келуіне байланысты шекаралас облыстарда азық-түлікті тұтынуы жағынан диспропорция болуы мүмкін. Ал республика бойынша азық-түлік қауіпсіздігі жағынан қиындық болмайды деп сендірді. Өз кезегінде вице-премьер елімізге толассыз келіп жатқан ресей азаматтарына тек шекаралас қалаларға барып, салмақ салмай, басқа да өңірлерге баруға кеңес берді. Ресейліктер шекаралас жатқан Орал, Ақтөбе, Қостанай мен Петропавл қалаларына көп келіп жатыр. Ірі қалалар-Астана мен Алматыда да жетерлік.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.