0:00 / 0:00
Қазақ мұнайын Германияға тасымалдау көлемі артады. Бұл мәселе бүгін Ақордада өткен Қазақстан Президенті Қасым –Жомарт Тоқаев пен Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің кездесуінде талқыға салынды. Тараптар екі елдің сауда-экономикалық қатынастарын дамыту жолдарын талқылады. Қазақстан алмания жерін мұнаймен қамтамасыз етіп отырған негізгі төрт мемлекеттің бірі болып табылады. Президенттер экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қадам басу жолдарын сөз етті. Білім, ғылым, экономика, құрылыс, геология, темір жол және энергетика салаларындағы 8 құжатқа қол қойылды.
Германия Президентінің елімізге сапары Ақордадан бастау алды. Қадірлі қонақты әдеттегідей көк кілем төсеп қарсы алды. Қос президент екі жақты делегация мүшелерімен танысып, біліскеннен соң, әнұран ойналды. Одан әрі екіжақты және кеңейтілген кездесулерге беталды. Былтыр екіжақты сауда-саттық шамамен 10 млрд доллар болды. Гермнияның Орталық Азия елдерімен алыс-берісінің 83 пайызы Қазақстанға тиесілі.
Екі жақты келіссөзден кейін білім, ғылым, экономика, құрылыс, геология, темір жол және энергетика салаларындағы 8 құжатқа қол қойылды. Одан әрі Қазақстан мен Германия президенттері бірлескен мәлімдеме жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев алмания елін мұнаймен қамтамасыз етіп отырған негізгі төрт мемлекеттің бірі біздің ел екенін айтты. Греманиямен экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қадам бастық", - деді ол. Қазақ басшысы «Технологияларды шикізатқа алмастыру» формуласына негізделген қатынас екі тарап үшін де нәтижелі болатынын мәлімдеді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Қазақстан Германия экономикасын энергиямен және қажетті шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алады. Бұл қазіргі күрделі геосаяси және геоэкономикалық кезеңде аса маңызды. Германия тарапының өтініші бойынша Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына Қазақстан мұнайын жөнелту – соның нақты мысалы. Жоспарланған шараларды тиімді жүзеге асыру үшін Штайнмайер мырзамен талқыланған бірнеше мәселені шешу қажет. Соның бірі – көлік-логистика байланысын күшейту. Бүгінде «Орта дәліз» деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы артып келеді. Біз мұны кездесу барысында ерекше атап өттік. Орта дәліздің негізгі бөлігі Маңғыстау облысы арқылы өтеді. Штайнмайер мырза Батыс елдері басшыларының ішінде осы өңірге бірінші болып барғалы отыр. Біз көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту қажеттігіне баса назар аудардық. Бұл саланың келешегі зор. Қазір Еуропа Одағында «Global Gateway» стратегиясы жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында қолға алынған бастамаларға Қазақстан жобаларын енгізу мәселесін талқыладық»
Сондай-ақ, Президент Тоқаев неміс компанияларын жасыл өсімге, инновацияға, сутегіне, жасыл энергетика өндірісіне инвестиция салуға шақырды. Сонымен қатар Ақтауда немістің озық тәжірибесіне негізделген институт ашылатынын да айтты. Өз кезегінде Германияның федералды президенті халықаралық деңгейде ушыққан жағдайға тоқталды. Ресейдің Украинаға қарсы агрессивті саясатын қызу айтқанымыздың өзіне таңғалуға болмайды деді. Бұл орайда неміс басшысы екі елдің арасындағы соғыстың экономикалық және логистикалық салдары бар екенін айтты.
ФРАНК-ВАЛЬТЕР ШТАЙНМАЙЕР -ГЕРМАНИЯ ПРЕЗИДЕНТІ « Біз президент Тоқаевпен санкциялар, санкцияларды айналып өту мәселесі жөнінде де әңгімелестік. Санкцияларды айналып өтуге жол бермес үшін біз бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Әңгіме барысында Қазақстан мен ЕО елдерінің құзырлы органдарының бірлескен тобы жұмыс істеп жатқанын айттық. Ресей агрессиясының экономикалық және логистикалық салдары бар. Осыған дейін Еуропаның Қазақстанмен саудасы көбіне Ресей мен Беларусь арқылы жасалатын еді. Сондықтан Қазақстан тарапының Орталық дәлізді балама жол ретінде дамытуын қолдаймыз. Бұл бағытта қуаттылықты арттыру бастамасын да құптаймыз»
Алмания Президентінің елімізге сапары Ақтау қаласында жалғаспақ. Онда Штанмайер Маңғыстау облысының экономикалық әлеуетімен танысады деп күтілуде.