Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАСЫМБЕККЕ БІР ЖЫЛ УАҚЫТ БЕРІЛДІ

c 12:06, 13/07/2023 c 138

0:00 / 0:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке бір жыл уақыт берді. Әкім осы уақыт ішінде қаланың ахуалын жақсарта алмаса , жылы орнымен қоштасуы мүмкін. Бүгін мемлкекет басшысы елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес өткізіп, қаладағы шешімі табылмай жатқан проблемаларды тізбектеп, әкімдіктің жұмысын сынға алды. Жиын барысында қала құрылысы, жылу, су тапшылығы, ЛРТ жыры талқыланды.

Астананың 25 жылдығында қаланың даму барысын ғана айтып, жетістіктерін тізбектеп ғана қоймай, шешімі табылмай жатқан проблемаларын шешу керек. Жиында бас қаланың инфрақұрлымына қатысты біраз былықтар айтылды. Елорданы ауыз сумен, жылумен қамтамасыз ету, үш ауысымды мектеп, интернет, толассыз жүріп жатқан құрылыстағы келеңсіздіктер тіпті ЛРТ жыры да талқыланды. Президент Тоқаев Астанадағы жағдайдың мүшкіл болуы жауапты басшылардың біліксіздігінен деді. Себебі, көп саланы өз ісінің мамандары басқарып отырған жоқ.

Астанадағы тағы бір проблема-жылумен қамту. Себебі, елорда алдағы қыста Екібастұзхдың кебін киеді деген пікірлер көп айтылып жатыр. Қаладағы ЖЭО-ры тозған. Ал үшінші станцияның құрылысы тым ұзаққа созылып кетті.

Президент су мәселесіне тоқталды. Астана жұрты су тапшылығын сезініп отыр. Тұрғын үйлер толассыз салынып жатыр, Астана жұрты өсуде. Бірақ қаланың инфрақұрылымы бұған дайын емес.Қала Астана су қоймасына толық тәуелді болып отырғандықтан, кез келген сәтте оқыс оқиға болса, бүкіл қалаға қауіп төнуі мүмкін деді Тоқаев. Ал су қоймасының қуаты алдағы бір-екі жылда сарқылып бітетіні анық. Сондықтан қаланы сумен қамтудың басқа жолын іздеуді ұсынды әкімдік пен үікметке. Астананы сумен қамтуда өз ісіне салғырттық танытқандардың әрекетін қасақана зиян келтіру деп бағалады Президент.

Тоқаев бақылаусыз жүргізіліп жатқан құрылыс, сападан гөрі санға мән беру және жан-жақты ойластырылмаған шешімдер қаладағы өмірлік маңызы бар инфрақұрылымның тапшылығына алып келді-деді. Сөзін түйіндей келе Мемлекет басшысы Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке бір жыл уақыт берді. Әкім осы уақыт ішінде қаланың ахуалын жақсартып үлгеруі керек. Болмаса жылы орнымен қоштасуы да мүмкін.

Кеңес барысында Президент "Астананың мәртебесі туралы" заңға шұғыл түрде тиісті өзгерістер енгізу қажеттігін айтты. Заң арқылы әкімдіктің құзыреті мен жауапкершілігі күшейтілмек. 25 жасқа толып жатқан Астана тұрғындарының саны да күрт өсіп жатыр. Алдағы жылдары қала халқының саны 1,5 миллионға жетеді деген болжам бар. Бұдан да көп болуы әбден мүмкін. Бірақ, қаланың бас жоспарында бұл жағдай толық ескерілмеген,-деді Президент. Айтпақшы Қасым-Жомарт Тоқаев, әкімдік басшыларына осы жазда еңбек демалысына шықпай жұмыс істеуді ұсынды. Себебі, жаздың ортасы болды қала қысқа сақадай сай деп айтуға келмейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.