0:00 / 0:00
Тимур Құлыбаев "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы қызметінен кетті. Кәсіпкерлер палатасы таратқан мәлімдемеде Басқарма тарапынан Құлыбаевқа бірнеше жыл бірге атқарған жұмысы үшін алғыс айтылды. Алайда, оның бұл қызметтен ен үшін кеткені айтылмаған. Бұған дейін 15 қаңтарда QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев пен "ҚазТрансОйл" компаниясының басқарма төрағасы Димаш Досанов қызметінен кеткен. Бұл жайында "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі хабарлама таратқанды. Өздеріңізге мәлім, елде орын алған жаппай тәртіпсіздіктерден соң, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов екі орынбасарымен бірге қамауға алынып,оған «сатқындық жасады» деген айып тағылуда. Бүгін ғана Президенттің өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіштің қызметінен босатылды. Бірқатар ұлттық компанияларда тергеу жұмыстары да басталып кеткен еді.
Қаралы қаңтар оқиғасы 225 адамның өмірін қиды. Бас Прокуратураның таратқан мәліметіне сәйкес, елімізде орын алған жаппай тәртіпсіздер барысында 4,5 мыңнана астам адам зардап шеккен. 546 қылмыстық істі тергеуде, оның ішінде 44-і терроризм актілері, 34-і жаппай тәртіпсіздік, 15-і адам өлтіру фактісі бойынша қозғалған. Қазір уақытша ұстау изоляторында қылмыс жасады деген күдікпен 672 адам қамауда отыр.
Елде орын алған жаппай тәртіпсіздіктерден соң, үкімет жаңарып, ұлттық компанияларда тергеу жүріп жатыр. 2 қаңтарда Жаңаөзенде газ бағасының қымбаттауына байланысты басталған бейбіт шерулер Қазақстанның өзге өңірлеріне тарады. Алматы, Тараз, Шымкент, Семей секілді қалаларда арандатушылық орын алды. Билік лаңкестік әрекет жасалды, бұл мемлекеттік төңкеріс жасағысы келген топтардың әрекеті деп мәлімдеп отыр. Бұл орайда, Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарып келген Кәрім Мәсімов екі оырнбасарымен бірге қамауға алынғанды. Мәсімовке «сатқындық жасады» деген айып тағылды. Ал бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлап отыр Ақорда. 43 жасар Самат Әбіш 2015 жылдан бері ҰҚҚ бірінші орынбасары міндетін атқарып келген еді. Генерал-лейтенант шені бар.Сондай-ақ, бүгін оның соңынан «Атамекен»ҰКП төралқа төрағасы қызметінен Тимур Құлыбаев та кетті. Кәсіпкерлер палатасы таратқан мәлімдемеде, палатаның жоғары бақылау органын сегіз жыл бойы басқарып келген Тимір Құлыбаевқа алғыс білдірген. Алайда, мәлімдемеде Құлыбаевтың бұл қызметтен не себепті кеткені жазылмаған. Экономистердің пікірінше, жалпы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасын тарату керек. Себебі, отандық бизнес қауымдастығы өз мүддесін заңгерлерге, түрлі қауымдастықтарға сүйеніп те қорғай алады. Ал кәсіпкерлердің палатаға жыл сайын төлеп жатқан жарнасы, олардың үмітін ақтап жатқан жоқ дейді Арман Байғанов.
Байғановтың пікірінше, енді Тимур Құлыбаевтың кетуімен, «Атамекен» ҰКП жұмысы әлсіреп, тоқтауы мүмкін. 55 жастағы Тимур Құлыбаевтың бұдан бөлек өзге де қызметтері бар екенін еске салғымыз келеді. Құлыбаев – KAZENERGY мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының жетекшісі, ресейлік "Газпром" компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі әрі Қазақстан ұлттық олимпиада комитетін, Қазақстан бокс федерациясын қоса басқарады. Айта кетейік, қаңтардың 15-і күні QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев пен "ҚазТрансОйл" компаниясының басқарма төрағасы Димаш Досановтар да қызметінен кеткен болатын. Бұл жайында "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі хабарлаған болатын.