Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАШҚЫН ГЕНЕРАЛ ҰСТАЛДЫ

c 08:04, 28/04/2023 c 146

0:00 / 0:00

Қаралы қаңтарда азаптауларға қатысы бар деп сотталып жатып, елден қашып кеткен генерал Серік Күдебаев Түркияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Бұл жайында бас прокурор Берік Асылов Қазақстан Халқы ассамбелясының сессиясы дәлізінде тілшілерге берген сұқбатында айтты. Бұған дейін әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Еске сала кетейік, Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасынан соң азаптауларға қатысы бар деген күдікпен сотты болып жатқан болатын. Прокурор Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Бірақ генерал соңғы сот отырыстарына келмей қойғанды. Кейін құзырлы органдар генерал Күдебаевтың елден қашып кеткенін мәлімдеген еді. Бұған дейін шекара қызметінің басшысы Ерлан Алдажұманов Серік Күдебаевтың Қазақстан шекарасын кесіп өткені туралы ресми мәлімет жоқ. Бірақ генерал тау арқылы алдымен Қырғызстанға қашқан. Сол жақтан Түркияға ұшып кеткенін айтқан болатын. Енді мәлім болғандай қашқын генерал Түркияда ұсталып, елге жеткізілді. Бас Прокурор Берік Асылов тілшілердің сұрағына жүре жауап беріп, бұл ақпаратты растады.

Сот алдынан қашып кеткен Серік Күдебаевқа 3-і сәуірден бері халықаралық іздеу жарияланған болатын. Мәлім болғандай, ол 23 наурызда мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, сол күні Бішкектегі "Манас" әуежайынан Ыстамбұлға ұшқан. Ақырында Түркияда қолға түсті. Бұдан әрі Бас прокурорға тілшілер, мемлекетке опасыздық жасады деп 18 жылға сотталған, ҰҚК экс- төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты да сұрақтар қойып едік. Алайда, үнемі асығып жүретін прокурор мырза бұл сұрақты жауапсыз қалдырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.