Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАРЖЫ ВИЦЕ –МИНИСТРІ ҚҰПИЯ ҰСТАП ОТЫРҒАН НЕ ҚАРАЖАТ?

c 09:24, 04/03/2023 c 166

0:00 / 0:00

Қазынадан еліміздің қорғанысы мен президенттің күзет қызметіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 2023-2025 жылдары 2,5 трлн теңге бөлінді. Соның 95 млрд теңгесі құпиялық режимде ұсталып отыр. Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтен бұл миллиардатр қайда жұмсалады деп сұрағанымызда, шенеунік «бұл құпиялық режимдегі мәселе»,- деп жауап берді. Сенатта үш жылдық бюджетті нақтылау туралы заң жобасының тұсау кесері өткен еді.

Сенаторлардың алдына үш жылдың бюджетті нақтылау туралы құжатпен келген қаржы министрлігі еліміздің қарулы күштеріне бөлінетін шығыс көзін көбейтуді ұсынды. 2023-2025 жыдарға арнлаған бюджетте бұл салаға жұмсалатын шығыс көзі 317 млрд теңгеге ұлғайтлымақ. ҰҚК, Қорғаныс министрлігі және президенттің күзетіне яғни мемлекеттік күзет қызметіне жалпы 2,5 трлн теңге жұмсалады. Оның басым бөлігі жалақыны өсіруге көзделген. Ал айлықтары қанша пайызға артатыны туралы қаржы вице-министрі ашып айтпады. Оның айтуынша, бұл құпиялық режимдегі мәселе.

ДӘУРЕН ТЕМІРБЕКОВ – ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Қорғаныс бойынша жалақысын көтеру көзделген. Мұнда қарулы құрылымдар, қорғаныс, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және мемлекеттік күзет қызметі және басқа да органдар бар. Ал олардың жалақысы қаншаға көтерілетіні жайында ақпарат бере алмаймын. Бұл құпиялық режимдегі мәселе.»

Үкімет бюджет тапшылығын жабу үшін тағы да сол сырттан заем алып шаруаны шешпекші. Вице-министрдің айтуынша, 186 млрд теңге үкіметтің қарызын өтеуге, 80 млрд теңге сыртқы экономикалық қызметті қамтуға, мемлекеттік апараттың тиімділігін арттыруға жұмсалады. Ал бюджет тапшылығын жабуға 3,2 трлн керек. Бұл қаражатты біз ішкі және сыртқы заемдер арқылы жабамыз дейді Темірбеков мырза. Мемлекеттің қарызы азаятын емес.

Жалпы Қазақстанның сыртқы қарызы 168 млрд. долларды құрап отыр. Осылайша үкімет білім мен медицинаға келгенде үнемдеп, мемлекеттік қарызды жабуға қаржыны аямай құяды. Президент үкіметке Ұлттық қорға қол салуды қысқарту керек деген еді. Әдетте біздің үкімет қомақты шығыс көзін қор есебінен жабуға келгенде алдына жан салмайды. 30 жылда елде өндіріс бір жолға қойылған жоқ. Қазір министрлер кабинеті тезарада шешім қабылдамаса, болашақтың қаражатына ауыз салуға тура келеді. Ал Үкімет ескі қарызды өтеу үшін, жаңа қарыз алмақшы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.